Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет1/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э


Препарат аты:
Ұрт 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий 
2 – ұрттың кілегейлі қабығының меншікті 
пластинкасы 
 
Сипаттамасы: 
Препаратта ұрттан алынған кесінді берілген.Құрылысы бойынша ұрт 
сыртынан терімен жабылған,ал ортасында бұлшықеттік қабық орналасса,қуысы кілегейлі 
қабықпен тысталады.Ұрттың сыртын қаптаған тері қабатынан эпидермис пен тері 
туындылары және май бездері ажыратылады. Терінің астында жатқан бұлшықеттік қабық 
ұрт бұлшықетінен түзілген.Оның қиғаш бойлай бағытталған ет талшықтарын құлақ маңы 
сілекей безінің түтігі тесіп өтіп,екінші жоғары үлкен азу тістің деңгейіне ашылады.Тері 
мен бұлшықеттік қабықшаның арасында май тіндерінің қалың қабаты байқалады,ол 
ұрттың майлы денесін қалыптастырады.Бұлшықеттік қабықша қабаттарының арасында 
ұрттың сілекей бездері орналасқан,бездердің соңғы секреторлы бөлімдері белокты-
шырышты және таза шырышты болып келеді.Ұрттың қуысын қаптаған кілегейлі қабықша 
меншікті және эпителийлік пластикалардан құралған, оның бұлшықеттік пластинкасы 
болмайды.Кілегейлі қабықтан максиллиярлық, мандибулярлық және аралас деп аталатын 
негізгі үш аймақ ажыратылады. Максиллярлық және мандибулярлық аймақтар құрылысы 
бойынша ұқсас келеді: екеуінің де кілегейлі қабығы көп қабатты жазық мүйізденбейтін 
эпителиймен жабылған.Кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы борпылдақ талшықты 
дәнекер тінінен түзілген,ол эпителийге ене түсіп аласа емізікшелерді құрайды.Меншікті 
пластинкада өндіретін өнімінің сипатына байланысты таза шырышты және аралас бездер 
орналасқан.Бездердің шығару өзектері тіл түбірі мен жақ бұлшықеттеріні арасынан 
ашылады.Аралық аймақ 10 мм көлемінде езуден басталып астыңғы жақсаүйекке дейін 
созылады.Кілегейлі қабығының меншікті пластинкасындағы емізіктері биік әрі үлкен 
көлемді болуымен ерекшеленеді.Аралас аймақта секрет бөлетін бездері болмайды,бірақ 
баланың бір жасына дейін эпителийлік бүрлері анық байқалады.Ұрттың кілегейлі 
қабықшасы астында орналасқан басқа тіндермен шырыш асты негіз арқылы байланысқан, 
қызметі жағынан кілегейлі қабыққа жылжымалылық қасиет береді және онда көптеген қан 
тамырлары мен жүйкелер орналасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет