Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері


Қызметі: ас қортыу,механикалық және химиялық өңдеу, секрециялық, терморегуляциялық, қорғаныш,  бактероциттік



Pdf көрінісі
бет6/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Қызметі:
ас қортыу,механикалық және химиялық өңдеу, секрециялық, терморегуляциялық, қорғаныш, 
бактероциттік 
 
Сипаттамасы: 
Препаратта тілдің жапырақ тәрізді бүртігінен алынған кесінді берілген. 
Тілдің үшы, түбірі және екеуінің ортасында орналасқан денесі ажыратылады.Құрылысы 
бойынша тіл сыртынан кілегейлі қабықпен тысталған, ал оның негізін көлденең жолақты 
қаңқалық бұлшықет тіні құрайды.Бұлшықет талшықтары мен коллаген шоғырларының 
арасын борпылдақ талшықты дәнекер тіні мен май тіндерінің жұқа қабаттары толтырады. 
Тілдің үстіңгі, бүйірлік және астыңғы бөліктері бір-бірінен сыртын қаптаған кілегейлі 
қабықшаның құрылысы бойынша ерекшеленеді және тіл – ауыз қуысының жартылай 
мүйізденетін,жартылай қолғалмалы құрылымдарына жатады.Тілдің астыңғы бетінің 
кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителиймен тысталған.Кілегейлі 
қабықтың меншікті пластикасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен түзілген, ол 
эпителийге ене орналасып, қысқа емізікшелерді қалыптастырады.Тілдің астыңғы бетінің 
кілегейлі қабықшасы шырыш асты негізінің болуына байланысты қолғалмалы болып 
келеді.Тілдің үстіңгі және бүйір бөліктерін қаптаған кілегейлі қабығы шырыш асты негізі 
Препарат аты:
Тілдің жапырақ тәрізді бүртіктері 
Бояуы: 
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий 
2 – кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 
3 – бүртік аралығындағы кеңістік 
4 – дім сезу түйіндері 


болмағандықтан оның бұлшықетті денесімен қозғалыссыз бірігіп кеткен.Кілегейлі 
қабықтың сыртын қаптаған көп қабатты жалпақ эпителий температуралық және 
механикалық әсерлерге байланысты мүйізденеді.Тілдің үсті мен бүйірін тыстаған кілегейлі 
қабықтың ерекшелігі – арнайы дәм сезгіш бүртіктермен жабдықталған.Тіл құрылысынан 
жалпы 4 типті бүртік ажыратылады: тіл ұшында жіп тәрізді, тілдің үстіңгі жотасында 
саңырауқұлақ тәрізді, тіл түбірінде науа тәрізді және балаларда өте жақсы жетілген 
жапырақ тәрізді бүртіктер. 
Тілдің жапырақ тәрізді бүртігі сыртынан көп қабатты жалпақ мүйізденбейтін эпителиймен 
тысталған.Құрылысы бойынша дәм сезу түйіндері мен жасушалардың негізгі 4 түрлі 
тобынан тұрады: сенсоэпителиоциттер, перигеммальды жасушалар,тіректік және базальды 
эпителиоциттер.Негізгі дәм сезгіш сенсоэпителиоциттер кілегейлі қабықшадан сары 
түсімен ажыратылып, бірден көзге түседі.Ол эпителийдің жоғарғы бетіне дейін,ал 
төменнен базальды мембранаға дейін созылып жатады.Перигеммальды эпителиоциттер 
пішіні орақ тәрізді,құрамында органеллалары аз,қызметі бойынша тілдің үстіне түсетін 
дәмді заттар үшін адсорбент болып табылады.Тіректік эпителиоциттер барлық 
жасушалардың арасын толтырып жатады.Цитоплазмасы ашық түсті, құрамында 
түйіршіксіз ЭПТ,лизосомалар және ұсақ вокуольдері бар,апикальды бөлімінде 
микробүрлері өте аз.Базальды эпителиоциттер дәм сезу бүртігінің базальды мембранасына 
жақын орналасады.Базальды эпителиоциттер аз дифференцияланған,цитоплазмасы мен 
органеллалары нашар дамуымен ерекшеленеді. Жасушаларда үнемі митоз процесі 
байқалады,дәм сезу бүртіктері үшін регенерация қызметін атқарады.Басқа типтегі 
жасушалардан айырмашылығы базальды эпителиоциттер эпителийлік қабаттың үстіңгі 
бетіне ешқашан жетпейді.Бүртікшелердің арасындағы шағын 0,15 нм болатын бүртік 
аралық кеңістіктерге тілдің аралас,белокты және шырышты сілекей бездерінің өзектері 
келіп ашылып,бүртіктер мен аралық кеңістіктерін жуып-шайып жатады.Аралас сілекей 
бездері тілдің алдыңғы бөлігінде орналасады,өзектері тіласты шырышты қабығының 
қатпарлары бойына ашылады.Белокты бездер қарапайым түтікшелі тармақталған 
бездер,шығару өзектері науалы және жапырақ тәрізді бүртікшелердің араларына ашылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет