Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
 
Балалардағы ерекшелігі:
Балалардағы құлақ маңы сілекей безі құрамында борпылдақ 
қалыптаспаған дәнекер тінінің көп болуымен және қан тамырларымен ересектерден 
салыстырмалы түрде жақсы жабдықталуымен ерекшеленеді.Соңғы секреторлы бөлімін 
құрайтын жасушалары аз дифференцияланған, функционалды тұрғыдан толық жетілмеген 
сипатта.Бездің сыртын қаптаған капсулалары өте жұқа,бөлікше аралық дәнекер тіні 
жетілмеген.Қарқынды сілекей бөлу баланың 1,5 жасынан басталады. 
Қызметі:
асты химиялық өңдеу,тағамды ыдырату,секреторлық,экскреторлық
Препарат аты:
Құлақ маңы сілекей безі 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – серозды соңғы секреторлы бөлімдер 
2 – қыстырма өзек 
3 – сызықты өзек 
4 - гемокапилляр
 


Сипаттамасы:
Препаратта жақ асты сілекей безінен алынған кесінді берілген.Жақ асты безі 
– күрделі альвеоларлық аралас без,соңғы секреторлы бөлімдері өндіретін өнім сипатына 
байланысты белокты-шырышты болып табылады.Құрылысы бойынша жақ асты сілекей 
безі сыртынан тығыз талшықты дәнекер тінінен түзілген капсуламен қапталған.Ал 
паренхимасы бір-бірінен борпылдақ талшықты дәнекер тінінің жұқа перделерімен бөлінген 
көптеген бөлікшелерден тұрады.Бөлікше аралық дәнекер тінінің құрамында қан мен лимфа 
тамырлары,жүйке ұштары мен тіндік элементтері бар.Бездің соңғы секреторлы бөліктері 
жасушалардың екі тобынан құралған: белокты және шырышты секреторлы жасушалар. 
Ацинус құрамында 10-18 секреторлы жасушалар болады және олар құрамына кіретін 
секреторлы түйіршіктері электронды өте тығыз болуымен ерекшеленеді. 

Шырышты мукоциттер – соңғы секреторлы бөліктердің орталық аймағын алып жатады 


және пішіні жағынан белокты сероциттерге қарағанда ірілеу.Жасушаның ядросы үнемі 
базальды аймақта орналасқан,пішіні бойынша қатты жайпақтанып тығыздалған. 
Цитоплазмасы секреторлы түйіршіктердің көп болуына байланысты ұяшықты немесе 
көпіршікті болып келеді.Белокты сероциттердің біраз бөлігі шырышты жасушалардың 
сыртын қоршап,жарты айшық – Джиануцци түрінде сипатталады.Жақ асты безінің соңғы 
секреторлы бөлімдері шырышты өнімдерге қарағанда белокты көп өндіреді.Шырышты 
мукоциттер мен оның сыртын жарты айшық түрінде қоршай орналасқан белокты 
сероциттердің арасында жасуша аралық секреторлы түтікшелер бар.Оның көмегімен 
бастапқы қою,тұтқыр болып келетін белокты өнім шырышпен араласып,сұйық массаға 
келеді.Серозды айшық жасушаларының сыртында миоэпителиоциттер екінші қабат түзе 
орналасқан.Олар шығу тегі бойынша эпителийлік жасушалар,қызметі бойынша 
жиырылғыш элементтер болып табылады.Миоэпителиоциттер пішіні бойынша көп өсінділі 
жұлдыз тәрізді. Қызметі бойынша өсінділері жиырылып,секреторлы бөліктерді қыса 
отырып секретті өзекке шығаруға ықпал етеді.Жақ асты сілекей безінің секреторлы 
өзектері: 
1.Қыстырма өзек – соңғы секреторлық бөлімдердің тікелей жалғасы ретінде сипатталады. 
Қабырғасының құрылысы бездің ішкі бөліктерінен бастап куб тәрізді эпителиймен 
тысталып, сыртынан миоэпителиоциттермен қоршалады. 
2.Сызықты өзек – қыстырма өзектің жалғасы болып келеді,диаметрі қыстырма өзекке 
қарағанда кең,қуысын анық байқауға болады.Қабырғасы құрылысы бойынша бір қабатты 
призмалық эпителийден түзіледі.Өзектің апикальды бөлігінде құрамында секреторлы 
гранулалары бар микробүрлері орналасады,ал базальды бөлігі көптеген митохондриялардан 
тұрғандықтан митохондриялардың кристалары арқылы өзек сызықты пішінге ие. 
3.Бөлікше аралық өзек – сыртынан екі қабатты эпителиймен тысталған,өзегі іріленген 
сайын эпителий қабаты қалыңдап,көпқабатты эпителийге айналады. 
4.Басты өзек немесе жалпы шығарушы өзек – тіл жүгеншігінің алдыңғы шетіне,тіл асты 
безінің өзегінің қасынан ашылады.Қабырғасы көп қабатты жазық эпителиймен қапталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет