Препарат аты: Ұрт Бояуы: Гематоксилин-эозин Зерттеу объектілері



Pdf көрінісі
бет4/24
Дата03.03.2023
өлшемі1,8 Mb.
#170896
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
ГИСТО метаболизм
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Балалардағы ерекшелігі:
Жаңа туылған балаларда
 
ауыз-жұтқыншақ бөлігінен мұрын-жұтқыншақ 
бөлігіне бүгілу сызығымен өтетін гистологиялық шекарасы болады.Және тілшіктің барлық беті шырышты 
қабықшамен қапталмайды.Балаларда жұмсақ таңдай шырышты қабығы қалың қатпарларға жинақталуы-
мен ерекшеленеді.Борпылдақ талшықты дәнекер тіні ересектермен салыстырмалы түрде адипоциттерге 
өте бай.Баланың жұмсақ таңдайының ауыздық және мұрындық бөлігіндегі таңдай бездері мен 
Препарат аты:
Жұмсақ таңдай.Ауыз беткейі 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителий 
2 – жұмсақ таңдайдың кілегейлі қабығының меншікті 
пластинкасы 
3 – қан тамырлары 


бадамшалары морфологиялық-функционалды тұрғыдан толық қалыптаспаған.Барлық компонеттердің
гистологиялық құрылысы бойынша қарқынды дифференциялану процесінде екенін байқауға болады.
Қызметі: 
жұту актісі кезінде жұтқыншақтың мұрындық бөлігін ауыздық бөлігінен бөліп тұрады.Соның 
арқасында аc түйірі тек өңешке өтеді. Сонымен қатар ауыз қуысының қабырғаларын құрауға
терморегуляцияға, асты механикалық-химиялық өңдеуге, секрецияға қатысады. 
 
Препарат аты:
Жұмсақ таңдай. Мұрын-жұтқыншақ 
беткейі 
Бояуы:
Гематоксилин-эозин 
Зерттеу объектілері: 
1 – көп қатарлы кірпікшелі эпителий 
2 – кілегейлі қабықтың меншікті пластинкасы 
3 – кілегейлі сілекей бездерінің соңғы бөлімдері 
Сипаттамасы: 
Препаратта тілдің жіп тәрізді бүртігінен алынған кесінді берілген.Тілдің 
үшы, түбірі және екеуінің ортасында орналасқан денесі ажыратылады.Құрылысы бойынша 
тіл сыртынан кілегейлі қабықпен тысталған, ал оның негізін көлденең жолақты қаңқалық 
бұлшықет тіні құрайды.Бұлшықет талшықтары мен коллаген шоғырларының арасын 
борпылдақ талшықты дәнекер тіні мен май тіндерінің жұқа қабаттары толтырады.Тілдің 
үстіңгі,бүйірлік және астыңғы бөліктері бір-бірінен сыртын қаптаған кілегейлі қабықша-
ның құрылысы бойынша ерекшеленеді.Сонымен қатар, тіл – ауыз қуысының жартылай 
мүйізденетін және жартылай қолғалмалы құрылымдарына жатады.Тілдің астыңғы бетінің 
кілегейлі қабығы көп қабатты жалпақ мүйізделмейтін эпителиймен тысталған.Кілегейлі 
қабықтың меншікті пластикасы борпылдақ талшықты дәнекер тінінен түзілген,ол 
эпителийге ене орналасып, қысқа емізікшелерді қалыптастырады.Тілдің астыңғы бетінің 
кілегейлі қабықшасы шырыш асты негізінің болуына байланысты қолғалмалы болып 
келеді.Тілдің үстіңгі және бүйір бөліктерін қаптаған кілегейлі қабығы шырыш асты негізі 
болмағандықтан оның бұлшықетті денесімен қозғалыссыз бірігіп кеткен.Кілегейлі 
қабықтың сыртын қаптаған көп қабатты жалпақ эпителий температуралық және 
механикалық әсерлерге байланысты мүйізденеді. Тілдің үстіңгі және бүйір бөліктерін 
қаптаған кілегейлі қабықтың ерекшелігі – арнайы дәм сезгіш бүртіктермен жабдықталған. 
Алғашында олар біріншілік дәнекер тінді бүртік ретінде қалыптасса, деференциация 
барысында олар дәнекер тіндік екінші реттік дәм сезгіш бүртіктерді қалыптастырады. Тіл 
құрылысынан жалпы 4 типті бүртік ажыратылады: тіл ұшында жіп тәрізді, тілдің үстіңгі 
жотасында саңырауқұлақ тәрізді, тіл түбірінде науа тәрізді және балаларда өте жақсы 
жетілген жапырақ тәрізді бүртіктер. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет