Пререквизиттері



бет24/36
Дата11.05.2020
өлшемі140,61 Kb.
#67217
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36
Байланысты:
сссссссссссссс

Взвод сақтық күзетінде

Бір орынға орналасу кезінде бөлімдер (бөлімшелер) тек тікелей емес, сонымен бірге қауіп төнетін бағыттарға қойылатын және орналасу ауданына негізгі кіре берістерді қамтитын сақтық күзетімен де қорғалады.

Сақтық күзетке бөлінетін бөлімшелердің саны мен құрамы күзетілетін бөлімдердің қарсыластан қашықтығына, күзетілетін бағыттың маңыздылығына, күзетілетін бөлімнің ұрысқа жазылуы мен кіруіне қажетті уақытта, жергілікті жер сипаты мен бақылау шарттарына байланысты болады.

Күзет заставасы — күзет отряды немесе күзетілетін бөлімшелерден жіберілген, әдетте, күшейтілген взвод құрамындағы сақтық күзетінің органы. Оның міндеті — күзетілген бөлімшелерге қарсылас барлауының енуіне жол бермеу, жол үсті қарсыласын дереу табу, ол туралы күзетілетін әскерлерге хабарлау және қарсылас шабуылдаған жағдайда иеленген бекінісін табанды түрде қорғау.

Түнгі уақытта және көру шектеулі жағдайларда және ашық қапталдарға бөлімшелер позицияларының аралығындағы жерді байқау үшін қосарланған патрульдер, ал жасырын кіре берістерге, күндіз де қарсыласты дер кезінде табу және ол туралы күзет заставасы командиріне хабарлау үшін құпиялар жіберіледі.

Күзет заставасына тағайындалған взвод командирінің жұмыс тәртібі әрбір нақты жағдайда ұрыс міндеттеріне, қалыптасқан жай мен уақытша байланысты болады.

Сақтық күзеті қорғанысқа ыңғайлы және қарсылас бекінісін жақсы шолуды қамтамасыз ететін шепке орналасады.

Патрульдерді жіберу кезінде взвод командирі олардың қозғалыс бағытын міндеттерін, қызмет өтеу тәртібін, қарсылас анықталған кезде қимылдау ретін түсіндіреді және рұқсат қағазын береді. Патрульдер көрсетілген бағытпен жүріп, жергілікті жерді мұқият тексереді. Қарсыластың жекелеген сарбазы кездессе, ол тұтқынға алынады, не жойылады. Қарсылас тобын байқаған сәтте, аға күзетіші оның қимылдарын бақылауды ұйымдастырады және ол туралы дереу күзет заставасы командиріне хабарлайды.

Күзетілетін бөлімшелерге енуге тырысқан қарсыластың шағын топтарын взвод тұтқынға алады немесе жояды. Қарсыластың басым күштерінің шабуылы кезінде взвод оған тиесілі атыс құралдарының нақты ату қашықтығына қарсылас жақындағанда атыс жүргізеді. Күзет заставасын қорғаныс шебіне қарсыластың жақындау шамасына қарай атыс жоғары қарқында өтеді. Взвод бірінші кезекте қарсыластың танкілері мен басқа да сауытты машиналарын жояды, содан кейін пулемет, автомат, отшашардан ату арқылы танкіден жаяу әскерді бөліп тастап, жояды. Күзет заставасы қорғанысының шебіне енген қарсыласты тірей ату арқылы гранатамен және қоян-қолтық айқаспен соғысады. Тереңдікке және қаптал жанына қарсыластың жылжуына жол бермеу үшін орлар мен оқпаналарда, қатынас жолдарында шұғыл түрде кірпілер, керме бөгеуілдер және басқа да алдын ала дайындалған тасымал кедергілер қойылады.

Қарсылас тың шебін орағыта өткен жағдайда күзет заставасы айналма қорғанысқа көшеді де, иемденген бекінісін күзетілетін бөлімшелер жақындағанша немесе шегіну туралы бұйрық алғанша табанды түрде ұстап тұруды жалғастырады. Негізгі және қосымша позициялардан қарудың барлық түрінен ату арқылы қарсыласты жояды. Шегіну, жергілікті жер қатпарларын, бөгеттерді және түтінді қолдана отырып, жобалап ату арқылы жүзеге асырылады.

Күзет заставасы өз позициясын биік жоталарда, асуларда, жол тораптарына, арналарда, анғарларда, жергілікті жердің басқа да маңызды жерлерінде жабдықтайды. Бөлім позициялары құлама, ығысу мен бату мүмкіндігі жоқ жерден таңдалады. Олар қарсыласты көп қабатты қапталдан, айқастыра және бойлай атуды қамтамасыз ететіндей және "бос" кеңістік болмайтындай етіп таңдалуы керек.

Атыс құралдары қабат-қабат орналастырылады, атыс жүйесі олардың арасында байланыс болатындай және айнала қорғаныс қамтамасыз етілетіндей болып құрылады. Жаяу әскердің ұрыс машиналары мен танкілерінін атыс позициясы алыс қашықтыққа атыс жүргізуді қамтамасыз ететін жерде орналасады.

Позицияны инженерлік қамтамасыз етуде тастар, құм мен топырағы бар қатпар пайдаланылады. Инженерлік Құрылғылар оған оқ қоспалары мен су ақпайтындай және граната домалап түспейтіндей етіп жарақталады. Күзет заставасы айналып өтетін бағыттарға күзет посттары, құпиялы орындар қойылып, патрульдеу ұйымдастырылуы мүмкін. Қарсыластың жүру жолына арнайы дайындалған топтар жасанды түрде құламалар мен ығысулар дайындауы мүмкін. Қарсылас жақтың шабуылы байқалған шақта гранаталар кеңінен қолданылады және оны лақтырғанда домалап кетуі ескеріледі. Қарсылас жақтың танкілерін дөңес жерлерде, әсіресе жіңішке жолдарда жойған дұрыс.



Орманда жорық күзеті, әдетте, жолды, 1-2 орман соқпағын немесе қарсылас әрекет ете алатын көл мен батпақ арасындағы тар өтпені бақылауға алады.

Позиция орман шетінен не тереңнен таңдалады. Егер позиция орман ішіне енгізілген болса, онда бөлімшелер бақылау мен атыс жүргізуді жақсарту үшін оны тазалайды, бірақ өз бекіністерін бүркемелеп отырады. Содан соң қорғаныс жолағы, су қоры жасалып, өртке дайындық мақсатында балта, ара, күректер даярланады, орман қураған шөптерден тазартылады. Қапталдарға күзет посттары, құпиялы орындарға күзет қойылып, патрульдеу ұйымдастырылуы мүмкін, сондай-ақ опырылымдар мен танкіге қарсы кедергілер жасалады.

Атыс жүйесі қарсыластын жақындап келуі мен шабуылдауы мүмкін жолдар, орман жолдары және батпақты учаскелердегі өтпелер, алаңқайлар мен ағаштары кесілген жерлер қорғанушылардың оғы астында болатындай етіп құрылады. Орманның шығыңқы тұстары қапталдан айқастыра атуды ұйымдастыру үшін қолданылуы мүмкін. ЖҰМ (БТР), танкілер, танкіге қарсы басқарылатын ракета қондырғылары мен гранататқыштар жолдарға, алаңқайларға және орманды, ұсақ бұталы учаскелерге, таяу шептік қашықтықта атыс жүргізуді қамтамасыз ететін орындарда жабдықталады. Мерген, пулеметші және автоматшылардың бір бөлгі ағашқа шығып атыс жүргізуі мүмкін.

Күзет заставасы шөлді аймақта неғұрлым кең майданды күзету жолағына ие болуы мүмкін. Өтуі қиын құм төбелер, дөңестер және ылғалды сорлардың болуы жергілікті жердің көптеген кең учаскелерін қадағалауға мүмкіндік береді, бірақ осы кезде аралықтар мен қапталдардың қамтамасыз етілуіне ерекше назар аудару керек. Осы мақсатта күзет заставасынан күзет постылары мен патрульдеу ұйымдастырылады. ЖҰМ (БТР), танкілер, танкіге қарсы басқарылатын ракеталар мен гранататқыш қондырғылардың атыстық позициясы тек мандайшеп алдында ғана емес, сонымен бірге қаптал жақтарда шептік қашықтықта атыс жүргізуді қамтамасыз ететін жерлерде жасақталады. Құм топырақта оқпаналар мен бойтасаларды жабдықтау үшін құм салынған қаптар, машиналар және басқа да жергілікті материалдар қолданылады, атыс позициялары мен бойтасаларды құм басып қалудан сақтау шаралары жүргізіледі. Ұрыс техникасын құмды дауыл кезінде қолдануға дайындайды және оны қоршаған орта фонына сәйкес түске бояйды. Кенеттен болатын метеорологиялық өзгерістер кезінде жеке құрамның денсаулығын қорғау шаралары қарастырылады, қүн өтудің алдын альш, су қорларымен қамтамасыз етіп, оны жұмсауға бақылау қойылады.



Солтүстік аудандарда күзет заставасының өз міндетін өтеуіне батпақ, өзен-көлі, биіктіктері мен басқа да өтуге қиын учаскелері көп жергілікті жер сипаты әсер етеді. Қыс мезгілінде қалың қар қабаты жауынгерлік міндеттерді әдеттегіден аз күштермен орындауға жағдай жасайды.

Күзет заставасы қарсылас қимылына ыңғайлы бағыттарды басып алады. Жол тораптарын, жергілікті пункттерді, көларалық ойпаттарды және су бөгеттері арқылы өткелдерді ұстап тұруға ерекше көңіл бөлінеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет