Эксцентрикті машиналарда таблеттеу процессі келесі операциялардан тұрады: 1) Тиеу (дозалау) – бұл операция дайын таблетканы ығыстырып тастау операциясымен бір мезгілде жүреді. Тиеуші воронка таблетканы ығыстырып тастап, матрицаның үстіне келіп тұрады. Осы кезде төменгі пуансон төмен түседі. Матрица ұясы таблеттелетін қоспамен толтырылады. 2) Престеу – тиеуші воронка қоспаны тиеп болған соң шетке ығысып кетеді. Жоғарғы пуансон төмен түсіп, белгілі қысыммен қоспаны қатты таблетка алынғанға дейін тығыздайды. 3.Таблетканы итеріп шығару - жоғары пуансон жоғары қарай көтеріледі, төменгі пуансон матрицаның кесік жеріне дейін көтеріледі 240 де, таблетканы ұядан итеріп шығарады. Таблетка қабылдағышқа тиеуші воронканың көмегімен ығыстырылып түседі, ал осы кезде матрицаның үстіне келіп орналасқан тиеуші воронка қайтадан тиеу операциясын жүргізеді.
Эксцентрикті таблеткалық машинада таблеттеудің схемасы.
1.Таблеттеу алдындағы бастапқы қалпы.
2.Матрицаны тиеу операциясы.
3.Престеу операциясы.
4.Таблетканы итеріп шығару операциясы.
5.Таблетканы түсіру операциясы.
Достарыңызбен бөлісу: |