Презентация №2 Сана және бейсаналық Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша



бет1/6
Дата02.10.2023
өлшемі0,97 Mb.
#183261
түріПрезентация
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дәріс 2 Сана және бейсаналық

Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы


Пән: «Философия»
Дәріс-презентация №2
Сана және бейсаналық
Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша
Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна

Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы

Сана және бейсаналық

Сана және бейсаналық


1.Сана мәселесі
2.Өзіндік сана және ұлттық өзіндік сана. Қазақстандағы рухани жаңғыру
3.Ойлау және тіл
4. Бейсаналық мәселесі

Сана ұғымы

Сана – дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы. Ол адамға ғана тән бас миының қасиеті

Адамзаттың ойлау мәдениетін-де сана ұғымы «жан», «ақыл», «парасат», «рух» туралы түсініктермен байланысты.

Адам санасының орны философия тарихында космоцен-трлік, теоцентрлік, антропоцен-трлік тұрғыдан қарастырылды.

Сана туралы екі философиялық тұжырымдама

1.Идеалистік тұжырымдама.

1.1) Объективті идеализм бойынша, адам санасы - дүниежүзілік рухтың бөлшегі, өнімі немесе басқа түрдегі болмысы (Гегель).

1.2) Субъективті идеализм бойынша, сана – бұл өзі туралы түсінігі бар, өз-өзіне жетікілікті және дүниенің субстанциясы бола алатын адамның қасиеті (Р.Декарт, Дж. Беркли).

2. Материалистік тұжырымдама: сана материяның туындысы, адам миының объективтік шындықты бейнелеу қабілетінің даму нәтижесі. Бұл көзқарастың дәлелі ретінде Ч. Дарвиннің табиғи сұрыпталу теориясы қолданылады. Дене өлгенде сана да жойылады.

Сана - онтологиялық мәселе ретінде

Онтологиялық жағынан: сана — бұл адам болмысында қалыптасатын, адамның тіршілік әрекетінің ерекше түрі, оның объективтік шындықпен өзара қатынас-тарының өнімі.

Сананың биологиялық негізі, субстраты – адамның бас миы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет