Презентация Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет2/7
Дата02.11.2022
өлшемі474,83 Kb.
#156236
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Шетел ориенталистерының қазақ музыкасы туралы ой пікірлері

Кейінірек пайда болған күй өнері де өзінің тылсым табиғатымен тәнтті еткен. Дәстүрлі жыр өнері мен құдіретті күй өнерінің бастауында әрине қыл қобызын арқалаған Қорқыт бабамыздың тұрғаны айдан анық. Кейбір күйлерден тірі табиғаттың тылсым үнімен қоса өмір мен өлімді, тіршіліктің мағынасына үңілген ұлылықты сезінгендей боласың. Бірақ барлық дерлік күйлерден қайталана естілетін әуен- бұл тәңірге жалбарыну, ұрпаққа өсиет, ата-бабалар дәстүрі, табиғат тылсым күштері мен аруақтарға арнаулар. Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы ғасырлар қойнауына терең кетеді. Көне қала Хорезмге жасаған археологиялық қазбалар кезінде табылған екі ішекті музыкалық аспаптарда ойнап отырған мүсіндер, домбыраның шығу тарихының көнеден басталатындығының куәсі. Ғалымдардың пайымдауынша, 2000 жыл бұрын пайда болған Хорезм екі ішекті аспаптарының қазақ домбырасымен төркіндес екендігі және бұл аспаптардың Қазақстан территориясында пайда болған ежелгі көшпенділердің алғашқы аспаптары екені анықталып отыр.

  • Кейінірек пайда болған күй өнері де өзінің тылсым табиғатымен тәнтті еткен. Дәстүрлі жыр өнері мен құдіретті күй өнерінің бастауында әрине қыл қобызын арқалаған Қорқыт бабамыздың тұрғаны айдан анық. Кейбір күйлерден тірі табиғаттың тылсым үнімен қоса өмір мен өлімді, тіршіліктің мағынасына үңілген ұлылықты сезінгендей боласың. Бірақ барлық дерлік күйлерден қайталана естілетін әуен- бұл тәңірге жалбарыну, ұрпаққа өсиет, ата-бабалар дәстүрі, табиғат тылсым күштері мен аруақтарға арнаулар. Домбыра мен сыбызғы аспаптарының даму тарихы ғасырлар қойнауына терең кетеді. Көне қала Хорезмге жасаған археологиялық қазбалар кезінде табылған екі ішекті музыкалық аспаптарда ойнап отырған мүсіндер, домбыраның шығу тарихының көнеден басталатындығының куәсі. Ғалымдардың пайымдауынша, 2000 жыл бұрын пайда болған Хорезм екі ішекті аспаптарының қазақ домбырасымен төркіндес екендігі және бұл аспаптардың Қазақстан территориясында пайда болған ежелгі көшпенділердің алғашқы аспаптары екені анықталып отыр.

ХІХ-шы ғасырдың қазақ кәсіби музыканттары өздерінің музыкалық шығармаларын орындауымен қатар, сөз өнері, импровизация, өте жоғары дәрежедегі вокалдық техника, музыкалық аспаптарда виртуоздық орындауымен, театр және цирк өнерінің элементтерін араластырғаны орта ғасырдағы Батыс Европа музыканттар арасында дамыған жанглер, трубадур, трувер, мейстер, миннизингерлер өнерімен бір дәрежеде қарастыруға болады. ХХ-шы ғасырда қазақ музыка мәдениеті музыкалық жаңа формалар және жанрлармен байытылды. Азғантай уақыт аралығында бүкіл классикалық Европа музыка өнерін-операны, симфонияны, балетті, контатаны, ораторияны, ансамбльді, оркестрді, хор орындаушылық формасын меңгеріп қана қоймай, жазбаша типтегі музыка өнерінің жаңа кәсіби сазгерлік мектептерін ашты.

  • ХІХ-шы ғасырдың қазақ кәсіби музыканттары өздерінің музыкалық шығармаларын орындауымен қатар, сөз өнері, импровизация, өте жоғары дәрежедегі вокалдық техника, музыкалық аспаптарда виртуоздық орындауымен, театр және цирк өнерінің элементтерін араластырғаны орта ғасырдағы Батыс Европа музыканттар арасында дамыған жанглер, трубадур, трувер, мейстер, миннизингерлер өнерімен бір дәрежеде қарастыруға болады. ХХ-шы ғасырда қазақ музыка мәдениеті музыкалық жаңа формалар және жанрлармен байытылды. Азғантай уақыт аралығында бүкіл классикалық Европа музыка өнерін-операны, симфонияны, балетті, контатаны, ораторияны, ансамбльді, оркестрді, хор орындаушылық формасын меңгеріп қана қоймай, жазбаша типтегі музыка өнерінің жаңа кәсіби сазгерлік мектептерін ашты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет