Презентация Қазақстан республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі


Оратория.Сыдық Мұхамеджанов “Ғасырлар үні”



бет4/5
Дата31.10.2022
өлшемі1,38 Mb.
#155896
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мухамеджанов. Жубанов.

Оратория.Сыдық Мұхамеджанов “Ғасырлар үні”

  • Оратория(итал. оrаtorіo – айтамын, өтінемін) – эпикалық-драмалық сюжетке құрылып, симфонияық оркестрдің сүйемелдеуінде орындалатын көп бөлімді, музыкалық шығарма. 16 – 17 ғасырларда Италияда пайда болған оратория бастапқыда діни мазмұнда жазылды. 18 ғасырда Г.Гендель ораторияның озық үлгілерін жасады. Оратория19 – 20 ғасырлардың классик композиторлары Г.Берлиоз, Ф.Лист, К.Сен-Санс, К.Дебюсси, М.В. Коваль, С.С. Прокофьев, А.Г. Рубинштейн, Ю.А. Шапорин, Д.Д. Шостакович, Г.В. Свиридов, т.б. шығармаларында кең өріс алды. Ораториядағы музыкалық образ хор,оркестрлік эпизодтарарияречитативтермен баяндалады. Ораторияға жеке әнші немеседуэттриоквартет сияқты ансамбльдер қатысады. Ораторияның желісін күшейтіп отыратын көп дауысты хор. Ораторияда опералық спектакльдегі сияқты декорацияболмайды, концерт ретінде, ашық сахнада орындалады.

Сыдық Мұхамеджанов (1924 - 1991)

Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және 60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.

С. Мұхамеджанов 1924 жылы, Қарағанды облысындағы Шет ауданының Үлкен бұлақ деген жерінде дүниеге келді. Оның балалық шағы дарынды адамдардың ортасында өтті, туған өлкесінен шыққан атақты Тәттімбеттің, Ақанның, Естайдың әндері мен күйлерінің әсем үндері балаға үлкен әсер қалдырды. Оның музыкаға деген әуестігі өзінің анасынан дарыған.1947 жылы ол киноактерлер мектебін бітіріп, музыка училищесінің тарихи – теориялық бөліміне оқуға түсті. Денсаулығына байланысты училищедегі оқуын тоқтатып, мектептерде, музыкалық үйірмелерде жұмыс істейді.Тек Алматы консерваториясына түскеннен кейін композициямен шұғылданып, профессор Е. Брусиловскийдің класында оқиды

  • 50-60-шы жылдары, консерваторияны бітірген соң С.Мұхамеджановтың шығармалары тыңдаушы қауымды өзіне тарта түседі. Оқып жүрген кезінен тың жанрларды меңгерген композитор ірі-ірі шығармалар жазуға кіріседі. 1964 жылы «Айсұлу» атты қойылған күлдіргі операсы Қазақстанның опера өнерінің дамуындағы маңызды оқиға болды.С. Мұхамеджановқа вокалды жанрлар жақын. Бұл жылдары ол адамның дауыс мүмкіндігін толығынан пайдалануға тырысады. Ол Қазақстанның қазіргі өмірін, революция жетістігін, Советтік өмірді ашатын тақырыптарға көбірек жүгінеді. Сондықтан, осы кезеңде шыққан туындылары көбінесе вокалды-симфониялық жанр болды. Олар: М. Мақатаевтың өлеңіне жазылған «Ленин туралы» кантата, Н. Шакеновтың өлеңіне жазылған «Ленин туралы поэма». Вокалды-симфониялық жанрда жазылған ірі туындыларына «Ғасырлар үні» ораториясы жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет