Презентация «Әуезов мұражайы»



Дата27.01.2020
өлшемі2,69 Mb.
#56581
түріПрезентация
Байланысты:
м әуезов


№ 20 Титов атындағы мектеп-гимназия

презентация

«Әуезов мұражайы»



өткізген: қазақ тілі пәнінің

мұғалімі Умирбекова К.С

Сабақтың тақырыбы:

М.Әуезов мұражайы

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: М. Әуезовтің өмірімен танысу, М. Әуезов мұражайына шолу жасау. Мұражай үйімен таныстырып өту, мәлімет беру. ә) дамытушылық: Өзіндік тұжырым-пікір жасау дағдыларына үйрету, сөйлеу тілін қалыптастыру, ұйымшылдық, ізденушілік, еңбекқорлық қасиеттерін дамыту. б) тәрбиелік: Қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезов туралы білімдерін кеңейтіп, шығармаларын білуге, оны құрметтеуге тәрбиелеу.

 Үй тапсырмасын тексеру:



1. Мұражай дегеніміз не?

2. Онда нелер болады?

3. Мұражайдың қандай түрлері бар?

4. Неологизм сөздер дегеніміз не? Мысал келтіру. 

5. Көнерген сөздер дегеніміз не? Мысал келтіру. 

6.Біздің қаламызда қандай мұражайлар бар?

7. «Мұражай» сөзіне морфологиялық талдау жасаңыз.

Жаңа сабаққа кіріспе:

М.Әуезов туралы біз не білеміз?



(1897-1961)

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910жылы Семей қалалық бес кластық орыс- қазақ училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады.

Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады.Ұлы «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы.

Жазушының мұражай-үйіне саяхат

Мұхтар Әуезов бұл үйде 1951-1961 жылдар аралығында тұрған. Жазушы қайтыс болғаннан кейін ҚазКСР Министрлер Кеңесі жазушы есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында оның тұрғын үйін мұражай ету туралы сол жылдың 10-тамызында  Қаулы шығарады.

Үйде жеті бөлме бар, оның төртеуі – бірінші қабатта, үшеуі – екінші қабатта. Үйдің жобасын сәулетші Г.Герасимов жасаған.

Мұхтар Омарханұлының сүйікті бөлмесі – жұмыс кабинеті.

Бөлме төріндегі үлкен жазу үстелінде ол атақты «Абай жолының» соңғы екі кітабын жазған.

Жазушының жеке кітапханасы. Онда 6 мыңнан аса кітаптар мен журналдар сақталған.

М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме залы.

Жаңа сөздермен жұмыс

Қаулы – постановление

Есте қалдыру – запомнить

Мағлұмат – информация

Қолжазба – рукопись

Нұсқа – вариант

Қор – фонд

Мұрағат – архив

Түпнұсқа - оригинал

«Әуезов мұражайы» мәтінімен жұмыс
  • Әр топ өзіне берілген мәтін бөлігін оқып, аудару.
  • Диалогті толықтыру
  • Кестемен жұмыс
  • Берілген сөздерге сын есім тудырушы жұрнақ қосып, сөз тіркестерін құрастырыңдар.

Диологті толықтырындар
  • .......
  • Мұражай 1963 жылы М.О. Әуезовты мәңгі есте қалдыру мақсатында ашылған
  • ........
  • Ол жазушының соңғы он жыл бойы тұрған үйінде орналасқан
  • ........
  • Онда жазушының өмірінен, шығармашылығынан мағлұмат беретін бөлмелер бар
  • ........
  • Әуезов мұражайы жазушының әдеби мұрасын жинау, жариялау, зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
  • ........

  • - Әуезовтың жеке мұрағатында оның шығармаларының түпнұсқасы түгел сақтаулы

Мағлұмат

Қаламгер

Дүние жүзі

Бейнелеу

Негізгі

Өмір

Берілген сөздердің синонимдерін жазыңыз:

Сөздерге тиісті жұрнақ жалғап, сын есім жасап, сөз тіркестерін құрастырыңыз.
  • Ғылым
  • Мәдениет
  • Тарих
  • Әдебиет
  • Мемориал
  • Дүние жүзі
  • Өнер

ІY. Сабақты қорытындылау:

126 – бет,2- тапсырма бойынша келесі сұрақ-

тарға жауап беріңдер:

І топ: мұражайда адам өзін қалай дұрыс ұстау

керек?

ІІ топ : мұражайда неге тиым салынады?

Y. Үйге тапсырма:

«М.Әуезов үйі» ғылыми мұражайы туралы

зерттеп,баяндама жазып келіңдер



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет