Аталық без аномалиясымен шамамен 1,5-5%-тей сәбилер дүниеге келеді.Ата без аномалиясының санына,құрылымына және орналасуына қарай бөледі.
Аталық без аномалиясымен шамамен 1,5-5%-тей сәбилер дүниеге келеді.Ата без аномалиясының санына,құрылымына және орналасуына қарай бөледі.
Аталық без санының аномалиясы:
Анорхизм-эвнухоидизммен және гипогадизммен жүретін туғаннан аталық бездің екеуінің де болмаумен сипатталатын аномалия. Ангиографиялық және ультрадыбысты зерттеу әдістерімен дәлелденетін аталық без қосалқысының және шәует шығаратын өзектің қатар дамымауы немесе болмауы мүмкін.Емінде гормон алмастырушы терапия қолданады.
Монорхизм-туылғаннан бір аталық бездің болмауымен сипатталады.
Монорхизм-туылғаннан бір аталық бездің болмауымен сипатталады.
Диагноз ультрадыбыстық және ангиографиялық зерттеу негізінде қойылады және шап өзегін шолу, лапоратомия жасаумен дәлеледенеді.
Контролатеральды орналасқан аталық бездің қызметі сақталған кезде екінші аталық бездің болмауы дүниеге бала әкелу қызметіне кері әсерін тигізбейді.
Полиорхизм-үш немесе оданда көп аталық бездің даму аномалиясы.Қосалқы аталық без дамымаған,жиі негізгі аталық безге жақын немесе сирек жамбастың басқа бөлімдерінде орналасады,қосалқылары және шәует шығаратын өзек болуы мүмкін.
Полиорхизмнің емі қатерлі ісіктің дамуына бейім болғандықтан қосалқы аталық безді алып тастауына негізделеді.