Бір немесе екі аталық бездің уақытында ұрықтың жатырішілік даму барысында ұмаға түспеуінен дамитын аномалия.Олар біріншілік бүйректің төменгі полюсында немесе құрсақ қуысында, шап өзегінде орналасады.
Крипторхизм себептері
Крипторхизм себептері
Аталық бездің ұмаға түсуіне кедергі келтіретін механикалық факторлар (ішастардың қынаптық өсіндісінің және шап өзегінің дұрыс емес бағытталуы және толық дамымауы ,бағыттаушы байламның дұрыс бекіттілмеуі,ұрық шылбыры және атабезді айналасындағы тіндерге бекітетін көптеген фиброзды жабыспалар және т.б)
Шәует қызметін реттейтін гипофиздің әрекетіне жыныс бездері жауап бермейді.
Оң жақ криторхизм басым,екі жақты анықталады.Әдебиеттер деректері бойынша крипторхизм жиілігі 1,1-5% аралығында ауытқиды. Ата бездің ұмаға түсуі бала туғанда,әсіресе баланың дене салмағы аз болса,1500 гр-нан төмен болса аяқталып бітпейді.Келесі кезеңмен нәрестелердің өмірінің бірінші айында ол өз бетімен 10-20% жағдайда ұмаға түседі,келесі 6 айда 30% түседі.
Нағыз және жалған крипторхизм түрлері бар.Соңғысында атабезді ұмаға түсіру мүмкіндігі бар,бірақ ол қайтып өз орнына барады.Көп балаларда бұл атабез сыртқы шап өзегінен өткен.Егер нағыз крипторхизм кезінде атабез жиі жарақатқа ұшырайды.Түспеген атабез дамудан артта қалады,ол қалыптымен салыстырғанда көлемі жағынан кіші ,әсіресе құрсақты түрінде ,осы кезде жоғары температура әсер етеді ( құрсақ қуысында ұмаға қарағанда 2-3 градусқа жоғары) көлемі 5-7 жаста кішірейсе онда операция ұсынылады.
Ұмаға түспеген аталық безде айқын склероздық өзгерістер дамиды.70% жағдайда атабездерде шап өзегіне проксималды орналасқан әр түрлі аномалиялар тіркеледі.
Ұмаға түспеген аталық безде айқын склероздық өзгерістер дамиды.70% жағдайда атабездерде шап өзегіне проксималды орналасқан әр түрлі аномалиялар тіркеледі.
Эндокринді бұзылыстар,бір немесе екі аталық бездің ұмада болмауы,шап өзегінде аталық бездің түсуінің кешігуі немесе оның қысылуымен байланысты тұйық ауырсыну-крипторхимзмнің негізгі симптомдары.Екі жақты крипторхизм кезінде 12% ұлдарда эндокринді бұзылыстар тіркеледі:денесінің және мүшелернінің жұмырлығы, қасаға аймағының жамбасының бөксесінің теріасты шелмайының өте қатты дамуы,жыныс мүшелернің дұрыс дамымауы.Қарау кезнде бір немесе екі ұма жартыларының толық дамымауы табылады.
Шап аймағында кейде төмпешік анықталады-шаптық крипторхизм.Бұл жағдайда ұма жартыларының толық дамымауы табылады.Шап аймағында кейде төмпешік анықталады-шаптық крипторхизм.Бұл жағдайда атбез шап аймағында қозғалғыштығын сақтайды.Белгісіз жағдайда радиоизотопты сцинтиграфия,ультрадыбысты сканерлеу,лапароскопия,тестикол-артерио және венографиялық,КТ тексерулар жасау ұсынылады.Көптеген клиницистер лапароскопияға жүгінеді
Крипторхизм 20-80% шап жарығымен қатар жүреді.Ұмаға түспеген атабезді уақытында диагностикалау және емдеу оның герментативті және эндокринді қызметін сақтауда өте маңызды және қатерлі ісікке айналуына қауіп бар боғанына байланысты,ақырғы жағдай 15-40% -да кездеседі.
Жалған крипторхизм кезінде аталық без жыныс мүшесінің түбінде немесе шап аймағында табылады,пальпация кезінде оны ұмаға түсіруге болады.Осы кезде ұма қалыпты көлемде болады.Аталық бездің көлемінің кішіреүі кезінде гормоналды ем көрсетілген,оның көмегі болмаған жағдайда оперативті ем қолданған жөн. Аталық бездің эктопиясы кезінде ол әр түрлі жерде табылады,алдыңғы құрсақ қабырғасында іштің сыртқы көлденең бұлшықеттің апоневрозының алдында,қасаға аймағында,жамбаста немесе шат аймағында,жыныс мүшесінің түбінде.Емі оперативті-атабезді ұма түбіне түсіру.
Емнің шешуші рөлі оның орындалу уақытына байланысты.Ұмаға түспеген атабездің биоптатын құрылымдық тексеру кезінде дегенеративті өзгеріс көріністері 8-ай жасында анықталған, ал айтарлықтай өзгеріс 5-7 жасында анықталған.Сондықтан қазіргі таңда крипторхизмді емдеу уақытын 2-3 жасында өткізген дұрыс.Бір немесе екі жақты крипторхизмммен ауыратын балаларға консервативті емді айқын эндокринді ауытқыған жағдайда өткізеді. 10 жастан асқандарға 1500ЕД 1ай бойы аптасына 2 рет.
Егер ем нәтижелі болса, курсты 3 айдан кейін қайталайды. Егер ем нәтижессіз болса және емге көрсеткіш болмаса онда операция қажет