Презентация «Ішкі аурулар пропедевтикасы»


Бөлімшедегі дәрілік заттардың сақталуына қойылатын жалпы талаптар



бет3/5
Дата05.10.2022
өлшемі1,14 Mb.
#151822
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
862897.pptx

Бөлімшедегі дәрілік заттардың сақталуына қойылатын жалпы талаптар

  • Дәрілік заттар сақтау үшін арнайы шкафтар, тоңазытқыштар және сейф болады. Олар мейірбикенің қызмет орнында сақталады. Олар жақсы жабылуы және сол жердегі мейірбике оларды бақылап тұруы тиіс.

Дәрілерді сақтауға арналған процедура кабинетіндегі шкафтар, тоңазытқыш және сейф.

Шкафта дәрілік заттардың сақталу ережесі

  • Шкафқа дәрілер тобы бойынша (стерильді, ішетін, жағатын) бөлек сөрелерге орналастырылады. Әр сөренің өзіне сай жазуы болуы тиіс. Сөредегі дәрілерді олардың түрлеріне қарай орналастырған дұрыс. Артқы жағына ірі, алдыңғы жағына кішілеу ыдыстар қойылады. Бұл кез келген этикетканы оқып, өзіне керектісін алуға мүмкіндік береді.

Улы және қатты әсер ететін дәрі-дәрмек заттар ерекше жағдайларда сақталады. Оларға ішкі қабырғасына сақтауға жататын дәрілік заттардың тізімі ілінген шағын сейфтер арналады. А шкафында улы заттар (нарко-тиктер, стрихин, мышьяк), ал Б шкафында қатты әсер ететін заттар (кодеин, адрёналин, ұйқы дәрілер) болады. Улы және қатты әсер ететін дәрілерді жұмсауды есепке арналған жіп өткізілген, беттері нөмірленген екі дәптері болады, ол емдеу мекемесінің күкірт мөрімен бекітілген. Улы және қатты әсер ететін дәрілер, сондай-ақ олардың есебін жүргізетін дәптердің сақталуына толықтай кепілдік болатын жағдай тудыруға тиіс. Улы және қатты әсер ететін заттарды дұрыс сақтамағаны және ұрланғаны үшін медициналық қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.. Ампулаға құйылмаған зарарсызданған ерітінділер 3 күннен артық сақталмайды, олар тіпті аузы ашылмаған болса да, төгіп тасталынады. Дәрі-дәрмек заттардың бұзылуының белгісі — беткі түрінің бұзылуы, қабыршық-тануы, түсі мен иісінің өзгеруі т. б.

  • Улы және қатты әсер ететін дәрі-дәрмек заттар ерекше жағдайларда сақталады. Оларға ішкі қабырғасына сақтауға жататын дәрілік заттардың тізімі ілінген шағын сейфтер арналады. А шкафында улы заттар (нарко-тиктер, стрихин, мышьяк), ал Б шкафында қатты әсер ететін заттар (кодеин, адрёналин, ұйқы дәрілер) болады. Улы және қатты әсер ететін дәрілерді жұмсауды есепке арналған жіп өткізілген, беттері нөмірленген екі дәптері болады, ол емдеу мекемесінің күкірт мөрімен бекітілген. Улы және қатты әсер ететін дәрілер, сондай-ақ олардың есебін жүргізетін дәптердің сақталуына толықтай кепілдік болатын жағдай тудыруға тиіс. Улы және қатты әсер ететін заттарды дұрыс сақтамағаны және ұрланғаны үшін медициналық қызметкерлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады.. Ампулаға құйылмаған зарарсызданған ерітінділер 3 күннен артық сақталмайды, олар тіпті аузы ашылмаған болса да, төгіп тасталынады. Дәрі-дәрмек заттардың бұзылуының белгісі — беткі түрінің бұзылуы, қабыршық-тануы, түсі мен иісінің өзгеруі т. б.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет