Клиникалық айқындалуы:
ауру біртіндеп басталады – баланың тәбеті төмендейді, салмақ қосуы баяулайды,
тынымсызданып жұбатқанға көнбей жылайтын болады. Біраздан кейін тері және шырышты қабықтардың солғын
тартуы, бұлшық еттерінің ширақтығының төмендеуі, бауырдың, көк бауырдың үлкеюі пайда болады. Анемияның
ауыр түрлерінде тахикардия, жүректе сырыл, терінің құрғақтығы, ерін бұрыштарында жарық пайда болады.
Лимфа
түймелері өсіп, беті қабарыңқы келеді. Қанның жалпы анализінде: эритроциттер 4,0-10
12
/л-дан, гемоглобин 110
г/л-дан төмен, қанның сарысуында темір мөлшері азайған (800-1100 мгк/л).
Гемаглобин көрсеткішіне байланысты 3 дәрежесі бар:
90-110
1 дәрежесі
89-79
2 дәрежесі
70-тен төмен
3 дәрежесі