ҚР-дағы медицина мен денсаулық сақтау жүйесін басқару ең негізгі мәселе екенін
ескерсек, онда онымен мұқият айналысуымыз керек. Сондықтан да біздің денсаулық сақтау жүйеміздің өзіндік ерекшелігін оқи отырып, денсаулық сақтау жүйесінде халықаралық басқару тәжірибелерінің ең негізгісін ендіре білуіміз керек. Сондай басқару тәжірибелердің бірі «Менеджмент» - ілім және басқару - өнері.
Басқару облысы бойынша машықтанған қызметкерді -менеджер деп атайды. Атап айтқанда нақ сол қызметкер - қазіргі басқару әдісін қолдана отырып мекемелердің қызметкерлерінің нақты жұмыстарын ұйымдастырады. Әсіресе менеджердің рөлі нарықтық экономикалық жағдайда жоғарылай түседі, себебі бәсекелесуге қабілетті мекемелер ғана жоғары нәтижелерге жетіп, өте көп пайда көреді.