Сабақ тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғылары. Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгеру және бекіту



Дата30.01.2017
өлшемі21,45 Kb.
#8414
түріСабақ
  • Атырау көлік және коммуникация колледжі
  • «Компьютерді жинау» - іскерлік ойын сабағы.
  • Пән мұғалімі: Хазтуғанова Жаныл Нұрахметовна
  • .
  • Сабақ тақырыбы: Компьютердің негізгі құрылғылары.
  • Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгеру және бекіту.
  • Мақсаты:
  • Дидактикалық
  • Тәрбиелік
  • Дамытушылық
  • Компьютердің
  • негізгі құрылғылары,
  • олардың
  • атқаратын қызметі-
  • мен ойын форма-
  • сында таныстыру.
  • Ұжымдық қарым –
  • қатынас жасау дағды-
  • ларын дамыту
  • шығармашылық ойлау
  • қабілетін қоздыру,
  • өзбетімен білім
  • алу мен өзін - өзі
  • тәрбиелеу дағдысын
  • қалыптастыру.
  • Кітаптан ақпаратты
  • таба білуге үйрету.
  • Сабақтың мазмұны: Оқушыларға төмендегі іскерлік ойын жағдайы ұсынылады: «Қалада тапсырыс бойынша компьютерледі жинайтын бірнеше жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) бар. Осы фирмалардың әрқайсысының бір күй қалай өтетінің сипаттамасы мынадай: жұмыс күні басталғанымен ертемен тапсырыс жоқ, сондықтан да бос уақытты ұтымды пайдалану үшін қызықты іспен шұғылдану керек, яғни әр түрлі тапсырмалар орындау. Содан соң тапсырыс түседі, яғни клиент компьютер сатып алғысы келді, бірақ компьютердің қандай конфигурацияда болатынын білмейді және қандай қосымша құрылғылар керек екенін анықтағысы келеді. Осы мәселе бойынша фирма алдындағы тұрған міндет компьютерді жинақтап беру.»
  • Сабақ негізінен 2 турдан тұрады. Әрбір турда тапсырмалар орындау керек.
  • 1 тур – топтарға деңгейлік тапсырма беру.
  • 2 тур - компьютерді жинау (компьютердің конфигурациясын анықтау). Бұл турда оқушылар жаңа ұғымдармен танысып, компьтер құрылғыларының функционалдық мүмкіндіктері мен олардың түрлерін біледі. Тапсырма аяғында оқушылар компьютердің өздері ұсынған конфигурациясының артықшылықтарын дәлелдеп беруі керек.
  • Сабақтың ұйымдастырылуы:
  • Оқушыларды топтарға бөлу.
  • 1. Фирма қызметкерлері (инженер, техниктер)
  • 2. Сарапшылар
  • 3. Жүргізуші- мұғалім
  • Сабақтың көрнекілігі:
  • 1. Ойын ережесі бар бетшелер, бағалау парағы, компьютердің негізгі және шеткері құрылғылары бар карточкалар, оқулық, прайс – бетше, тапсырыс берушімен әңгімелесу нұсқауы, фирма қызметкерлерімен әңгімелесу нұсқауы.
  • 2. Компьютердің негізгі және шеткері құрылғыларының суреттері.
  • 3. Прайс-бетше.
  • Ойын ережесі.
  • Ойын топтар арасындағы жарыс түрінде өтеді. Жарыс шарты тапсырманың дұрыс орындалуы мен ойын кезінде оқушылардың өзін- өзі ұстауы бойынша ең жоғарғы ұпай жинау.
  • Ойыншылар сарапшылардан кеңес алуына болады.
  • Мұғалім ойынға сұрақтар қою, ұсыныс айту арқылы қатынасады.
  • Ойын соңында ойыншылардың жинаған ұпайлары есептеледі. Жинаған ұпайына байланысты әрбір ойыншы тиісті бағасын алады.
  • Бағалау жүйесі:
  • Тапсырманың дұрыс орындалуы мына критерий бойынша бағаланады:
  • 1 тур
    • Уақытпен санасу
    • Дұрыстығы
    • Ұқыптылығы
  • 2 тур
  • Материал бойынша жан- жақтылығы
  • Сөйлесу мәнері
  • Қысқалығы
  • Өз пікірінің нақтылығы мен оған сендіре алуы
  • Тындаушыларды қызықтыра алуы
  • Әрбір тапсырманы орныдауға қойылатын ең жоғарғы ұпай -5
  • Ойыншылардың ойын барысындағы іс- әрекеті мына критерии бойынша бағаланады:
  • Топ ішіндегі өзара көмек
  • Әріптестермен қарым- қатынас жасауы
  • Топтағы іс- әрекетті ұйымдастыру шеберлігі
  • Тапсырманы орындау барысында уақытпен санасу
  • Баяндамашылардың ұсыныстарын ұқыпты тыңдау.
  • Ойын барысындағы өзін- өзі ұстай білуі 5 ұпаймен бағаланады.
  • Ойын ережесін бұзған жағдайда ұпайлар шегеріледі:
  • Мұғалімнің немесе сарапшының әрбір ескертпесі...............1 ұпай
  • Ойын ережесін бұзғанға.........................................................2 ұпай
  • Өрескел тәртіпсіздік...............................................................5 ұпайға дейін
  • Сабақ жоспары:
  • Сабаққа дайындық – 5 минут
  • 1 тур тапсырмасын орындау – 20 минут
  • Компьютер жинау – 50 минут. (Әрбір топқа компьютерді жинауға дайындық 10 минут, тапсырыс берушімен әңгімелесу- 10 минут)
  • Сабақты қорытындылау – 5 минут
  • Сабақ барысы:
  • Дайындық
  • Оқушылар өз орындарына жайғасады. Мұғалім оқушыларды ойынның мақсатымен таныстырады. Ойын топтары фирмаларға атау таңдайды.
  • 2. 1 тур тапсырмалары
  • 1-тапсырма. Тілсызық арқылы жалға.
  • Нысан
  • Әрекет
  • Баспа құрылғысы
  • Монитор
  • Тышқан
  • Дискет
  • Пернетақта
  • Қатты диск (қатқыл диск)
  • Лазерлік диск
  • Ақпаратты сақтайды
  • Ақпаратты қағазға басып шығарады
  • Ақпаратты экранда бейнелейді
  • Ақпаратты оқу қызметін атқарады
  • Экрандағы нысандарды басқарады
  • Ақпаратты сақтау қызметін атқарады
  • Ақпаратты енгізу қызметін атқарады
  • 2-тапсырма. Сызбаны толтыр.
  • Компьютердің жады
  • 3-тапсырма. Қажетті сөздерді көп нүктенің орнына қой.
  • Ішкі ............. компьютермен жұмыс жасау кезінде қолданылады.
  • Ақпараттың үлкен көлемін ұзақ мерзімде сақтау үшін ................. қолданылады.
  • Иілгіш және қатты дискілер немесе лазерлік .................. ақпаратты ..................үшін қолданылады.
  • 4-тапсырма. Компьютердің суретіне қарап отырып сөзжұмбақты шеш.
  • Дискеттегі ақпараттарды оқуға, қолдануға арналған компьютердің құрылғысы.
  • Экраны бар құрылғы.
  • Пернелері бар құрылғы.
  • Ақпараттар мен программаларды сақтауға арналған құрылғысы.
  • Сыртқы жадтың бір түрі.
  •  
  • 1
  •  
  •  
  • 2
  •  
  • 5
  •  
  •  
  • 4
  • 3
  • Өзіңнің атың мен фамилияңды жаз_________________
  • Сарапшының қойған бағасы_______________________
  • Бұл турдың уақыты аяқталғанын мұғалім хабарлап оқушы- лар орындалған тапсырмаларын сарапшыларға жалғайды. Олар тапсырманы тексеріп тиісті бағаларын қояды.
  • 3. Компьютер жинау.
  • Мұғалім: Ал енді фирмаларыңызға тапсырыс түсті. Клиент сіздерден компьютерді құрылғыларымен жинақтап беруіңізді сұрайды. Бірақ ол компьютердің қандай конфигурацияда болатынын және қандай шеткері құрылғылардың керек екенін білмейді. Клиент бұл компютерді жұмыс істеуге де түрлі ойындар ойнауға да қолданғысы келеді. Ол компьютерді 1000$ ......................................... фирмасы үшін, 1200$ ......................................... фирма үшін, 1500$ ......................................... фирма үшін, 1700$ ......................................... фирма үшін сатып ала алады.
  • Сендердің міндеттерің: Клиентке компьютердің конфигурациясын анықтауға көмектесу, яғни оған компьютердің қуатын, қатты дискі, оперативті жады, видеокартасының көлемін, монитордың өлшемі мен түрі, CD – диск жетектегіш типін, пернетақта мен тінтуірдің түрін, принтердің типін, колонка, сканер сандық камераның қажеттілігін анықтап беруге жәрдемдесу. Тапсырысты орындау шарты мынадай: бір жағынан клиент өзіне қажет емес затты сатып алмауы керек, яғни егер фирма қызметкері клиенттің таңдаған затының оған қажеті жоқ деп есептесе, осы ойын ол нақты әр сендіре алатындай дәлелдеуі керек, екінші жағынан қызметкер өзі ұсынған құрылғысының сол түрінің клиентке қажет екенін де дәлелдеуі тиіс.
  • Әрбір командаға компьютердің негізгі және шеткері құрылғыларының суреттері таратылады. Ойыншылар оқулықтың материалын пайдаланып суреттегі қандай құрылғы екеніне, оның компьютерді іске қосу үшін қандай маңызы барлығын, құрылғының түрлерін және функциялық мүмкіндіктерін нақты айтуға дайындалады. Бұдан соң фирма клиентін бар ақшасына келетін компьютер конфигурациясын ұсынып, оны осы құрылғыны сатып алуға көндіріп бағады.
  • Фирма қызметкері мен клиенттің әңгімелесуі кезектесіп өтеді. Басқа командалар да өз ұсыныстары мен ескертулерін сұхбат аяқталғанде ғана айта алады. Клиент ойыншылардың бәрі мен де сұхбаттасуы керек. Содан соң осы фирманың жұмысынан алған әсерін жариялайды.
  • 4. Сабақты қорытындылау.
  • Мұғалім ойынның жүру барысын талдап ұтымды және ұтымсыз шешімдерге тоқталады.
  • Фирма қызметкерлеріне арналған нұсқау.
  • Прайс – бетшені пайдаланып, клиенттің барлық қаражатына келетін, тауар ұсыну керек. Фирмада тауарлардың мына түрлері бар:
  • Фирма қызметкерлеріне арналған нұсқау.
  • Прайс – бетшені пайдаланып, клиенттің барлық қаражатына келетін, тауар ұсыну керек. Фирмада тауарлардың мына түрлері бар:
  • Фирма қызметкерлеріне арналған нұсқау.
  • Прайс – бетшені пайдаланып, клиенттің барлық қаражатына келетін, тауар ұсыну керек. Фирмада тауарлардың мына түрлері бар:
  • Фирма қызметкерлеріне арналған нұсқау.
  • Прайс – бетшені пайдаланып, клиенттің барлық қаражатына келетін, тауар ұсыну керек. Фирмада тауарлардың мына түрлері бар:


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет