Презентация о р ы н д а ғ а н : а б у Х а н а қ ж а н



Pdf көрінісі
Дата14.05.2022
өлшемі4,56 Mb.
#143221
түріПрезентация
Байланысты:
277FD89F-A21A-473D-B894-D708CECA6FCA



ПРЕЗЕНТАЦИЯ
О Р Ы Н Д А Ғ А Н : А Б У Х А Н А Қ Ж А Н
Т О Б Ы : Э Ф 2 1 - 7 К 1
Қ А Б Ы Л Д А Ғ А Н :
Ж . А . А Б Д Р А Х М А Н О В Н А


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРПЫ МЕН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ
 Қазақ халқының әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлері
Қазақтардың қонақжайлылық қасиеті және өзара көмек
жөніндегі әдет-ғұрыптары
Бата беру
Қоныс таңдау әдет-ғұрпы
Қыз ұзату
Құйрық бауыр
Бесік тойы
Бала тәрбиесі
Жар жар
Қынаменде
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
ЖОСПАР:


ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРПЫ
МЕН САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың
өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт -
дәстүрлері қалыптасты. Қазақтардың әдет -
ғұрыптары мен салт - дәстүрлері үй ішіндегі
отбасылық және адамдардың өзге де топтары
арасындағы өзара қарым - қатынастарды
қалыптастыруда үлкен рөл атқарды.Дәстүр -
латынша жапсыру, жалғастыру - тарих
барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа
жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт - сана,
қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез -
құлық қалыптары және өнегелі өнер болып
табылады. Әдет - ғұрып - дәстүрге айналған
жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән
ортақ тәртіп салт - сана.


ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚ ҚАСИЕТІ ЖӘНЕ ӨЗАРА КӨМЕК
ЖӨНІНДЕГІ ӘДЕТ-ҒҰРЫПТАРЫ
Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген
ғасырлар барысында қалыптасқан. Бұл жөнінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі
Виктор фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін
жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайяылық қасиетімен
таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет».
Үйге келген қонақ оларда әрқашан үй иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX ғасырда
Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай деп
жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне
кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау
деп қауіптенбей, алаңсыз уйықтай беруіне әбден болады».
Қазақтарда үйіне келген кез келген адамға міндетті түрде тегін қонақасы беру, оған жайлы
төсек-орын салып, қондырып жіберу әдет-ғұрпы ежелден орын алды. Егер үй иесі қонаққа
ондай құрмет көрсетудің дәстүрлі әдет-ғұрпынан бас тартса, әлгі бейтаныс жолаушы үй иесінің
үстінен биге барып, шағым айтуға құқықты болған. Ал би қонақжайлылық әдет-ғұрыпты бұзған
үй иесіне ат-тон айып салатын. Әдетте мұндай келеңсіз оқиға қазақ арасында өте сирек
ұшырасқан


БАТА БЕРУ
Қазақтарда бата беру әдет-ғұрпы кеңінен етек
алды. Ол әрбір іске кірісер алдында міндетті
саналатын. Бата поэтикалық тілмен жалпы жұртқа
қарап тұрып беріледі. Онда бата беруші адам
езгелерге ізгі жақсылық, табыс тілейді Батаны
жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруі
тиіс. Бата беруші Жаратушы Алладан бақытты
өмір, материалдық байлық, әрбір істе табысты
болуын тілейді. Бата екі қолды ілгері қарай жоғары
созып, екі алақанды өзінің жүзіне қарата бұрып
тұрып беріледі. Бата беру «әумин» деген сөзбен
аяқталады.


ҚОНЫС ТАҢДАУ ӘДЕТ-ҒҰРПЫ
Қазақтарда қыстаудан өзге жер меншігінің толық дерлік жоқ болуы себепті көшіп-қонып жүруі
үшін уақытша қоныс таңдау әдет-ғұрпы кеңінен таралған болатын. Ал жайылымның негізгі бөлігі
қоғамдық меншік негізінде пайдаланылатын. Мұндай ереже 1867—1891 жылдардағы әкімшілік
реформаларының қолданылу барысында да сақталып, бекітілген еді. Алайда көші- қон үшін
кейде жер дауы да туындап отырды. Бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша, ауылдар мен
ру ақсақалдары өздерінің бірінші жетіп қоныс тандаған жерлеріне арнайы белгілер қоюы тиіс
саналатын. Ондай белгілер жерге найзаның сабын немесе құрық қадап кету арқылы қойылатын.
Құмның бетіне немесе сазды жерге сол ру таңбасының суреті салынатын. Немесе биік өскен
шөптің басын буып, белгі салып кетуге де болатын. Мұндай белгілері бар жерлерге өзге ешкімнің
қоныстануына рұқсат етілмейтін.
Егер жаңа қонысқа әр түрлі ауылдардың өкілдері бір мезгілде келе қалса, онда жер дауы мынадай
тәртіппен шешілетін: сұлтан мен қатардағы қазақ дауласса, сұлтан жеңіп шығатын, би мен
старшын дауласса, старшынның мерейі үстем болатын, ал егер би мен қатардағы қазақ дауласса,
бидің талабы орындалатын. Егер жер дауы сұлтан мен сұлтанның, би мен бидің, старшын мен
старшынның, қатардағы екі қазақтың арасында болса, онда олардың қай жасы үлкені жеңіске ие
бола алатын. Жерге дауласушылардың мәртебесі мен дәрежесі тең болған жағдайда олардың қай
жағының руы не тайпасы жолы жағынан үлкен болса, сол жағына артықшылық берілетін


 ҚЫЗ ҰЗАТУ
«Қыз ұзату» (салт, той). «Ұлын ұяға, қызын қияға қондыру» ата
ананың тілегі әрі парызы. Соның ішінде қыз ұзату үлкен той,
думан әрі қызық. Бұл күні ата ана қуанады, әрі жылайды.
Қуанатыны қыз өсірді және оны құтты жеріне қондыруы,
жылайтыны әрине қимастық көңілі. Қызды алуға құда (тақ
санмен) бес не жеті кейде одан да көп адам келеді. Мұның
ішінде бас құда, құдалар және күйеу жолдас болады. Солтүстік
және Орталық Қазақстанда тек ер адамдар барады. Құдалар
әдетте кешкілік баруы керек. Мұнда ойын сауық, құдалық
рәсімдер мен кәде жоралар жасалады. Жақын адамдар
құданы үйіне шақырады. Ұзатылатын қызды дәстүр бойынша
таң ата, күн шыға жөнелтеді. Оның алдында қыз «Қоштасу
жырын», жастар «Жар жар», «Ау жар», «Аушадияр» айтылады


ҚҰЙРЫҚ БАУЫР
«Құйрық бауыр» (салт). «Құйрық бауыр жедің бе,
құда болдым дедің бе» (мәтел). Бұл құдалық
дәстүр рәсімі болғанмен ұлт салт дәстүрінде орны
бөлек жай. Екі жақ келісіп құда болған жағдайда
оларға «құйрық бауыр» арнаулы сый әкеледі.
Әкелуші әйел «бауырдай жақын, құйрықтай тәтті
болыңдар» деп тілек білдіреді. Одан барлық
құдалар ауыз тиеді. Құйрық бауыр қазақ
дәстүрінде құда болудың заңды белгісі құжат
болып бекітілген. Әр елде, әр ауылда әр салт
дәстүрдің осындай өзіндік әуендері мен ән
жырлары да болған. Ауыз әдебиетіндегі тұрмыс
салт жырлардың мұндай үлгілерінің көпшілігі
ұмытылуға айналған. Дегенмен ел ішінен оның
бірнеше жақсы түрлерін әлі де табуға болады. 


БЕСІК ТОЙЫ
Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш
бесікке бөлеу жорасы «бесік тойы» деп
аталады. Бұған көбіне сол төңіректегі
әйелдер шақырылады. Келген әйелдер
балаға арнап шашу, көйлек – көншек, тан –
моншақ, үкі, т.б. тойлықтар әкеледі. Ат
қойылатын баланың оң құлағына үш рет,
сол құлағына үш рет «сенің атың.....» деп
айтады. Ұрпақ өсірген үбірлі – шүбірлі
қадірмен әйел бір – екі келіншектің
көмегімен бесікт жабдықтайды. 
Сәбидің әжесі не шешесі түбектің тесігінен
балаларға тәтті бауырсақ үлестіреді. Онан
соң әлгі баланы тұңғыш рет бесікке бөлейді.
Тойға жиналғандар дастарқаннан дәм
татып, баланың өмірі ұзақ, бауы берік,
бақытты болуын тілеп бата беріп тарасады.


БАЛА ТӘРБИЕСІ
Қазақтар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қазақтың дәстүрлі тәрбиелік үлгі-
өнегелері ұрпақтан ұрпаққа ауысып отырады.
Жиналып тұрған топқа жақын келген адамоларға бірінші болып сәлем беруге міндетті.
Атты адам жаяу кісіге, жасы кіші үлкендерге бірінші болып сәлем береді. Алға келген
астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ ішіп отырған кезде көп сөйлеуге
болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгі-өнеге беруде мақал-мәтелдердіңатқаратын
рөлі зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды-артын аңдап сөйлейтін
сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттергебаулиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ»,
«Батырдың күші - айласында», «Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең
ерінбей, тояды қарның тіленбей», «Бірлік бар жерде тірлік бар», «Қолы
қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бір күні жылға азық», «Жақсыда жаттық
жоқ», «Жаман үйді қонағы билейді», «Жақсы жігітке жеті өнер де аз» сияқты
мақалдардың тәрбиелік маңызы зор.


ЖАР ЖАР 
Жар жар (ғұрып). Ұзатылған қыз тойында қыз
жігіттер тобы кететін қыздың көңілін аулап,
баратын жағында да осындай жақсы жайлар
болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге
олар қыздың бақытты, елге сыйлы болуына
тілектестік білдіреді. Мұның бәрі өлеңмен
айтылатындқтан «Жар жар» қызықты болып
естіледі.


ҚЫНАМЕНДЕ 
«Қынаменде» (дәстүр). «Қынаменде, жар-жар мен беташар бар, өлеңсіз солар қызық бола ма
гүл?» (Абай). Бұл да ұлттық ғұрыпымызда салтанатты да, көңілді кештің бірі. Құда түсіп, уәде пісіп,
қалың мал төлеген соң күйеудің атастырған қалыңдығын алғаш рет көруге келген тойы
«қынаменде» деп аталады. Шығыс халықтарында «қынаменде» кеші қыз абыройының тазалығын
білдіру үшін қалыңдықпен бірге болған күннің ертеңіне де өткізіледі. Ән, күй, би қатар
жүргізілетіндіктен «қынаменде» жас жұбайлардың шаттық кешіне, жастардың махаббат
мұратына жету символына айналған. Бұл да дәстүрге бай еліміздің тәрбиелік ережесінің бір
саласы. 
Күйеудің бұл жолы әр жерде әртүрлі аталатынын да айта кеткен жөн. Мұны кей жер «қалыңдық
ойнау» дейді, кей жерде «ұрын келу» дейді. «Бір күні күйеу байғұс ұрын келді, Қисайтып жаман
бөркін қырын келді» (Н.Ахметбеков). 
Қазақ үшін әсіресе жеңгелер мен жастар үшін бұл да бір той десе де болады. Болашақ күйеу қыз
ауылына өзінше «көрінбеген» болып, бірақ қараңғы түсе салтанатпен, жолдас жораларымен
келеді. Мұны «есік көру» көбінесе «ұрын келу» деп айтады. Күйеу осы жолы өзінің болашақ жарын
көріп танысып білісіп, тілдесіп көңілін демдейді. 
Әрине «ұрын келудің де кәде жоралары аз емес. «Сені күтіп жүгіреміз деп ентігіп қалдық» деп
«ентікпе» сұрап жеңгелері келеді, «балдыз көрімдік» деп тағы біреулері келеді, тағы да сол сияқты.
«Ұрын той» өткізіліп күйеуге және оның жолдастарына құрмет көрсетіліп, сый тартылып, олар
еліне қайтады


https://znanio.ru/media/prezentatsiya_aza_halyny_det_rpy_men_salt_ds
trler-321635
https://massaget.kz/blogs/oy_tolgaular/13076/amp/
https://theslide.ru/uncategorized/sabaty-tayryby-aza-halyny-salt-
dstrler
1.
2.
3.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет