Тоқ ішекке әсер ететін дәрілер. Әсер ету меанизмі: тоқ ішеке электролиттер мен сулардың сіңірілуін төмендетіп, ішек рецепторларын қоздырады, ал аш ішекке әсер етпейді және де қоректі заттардың қорытылуы мен сіңірілуін бұзбайды. Әсері 8-10 сағ. соң байқалады. Көбінесе таңертең немесе түнге тағайындайды. Созылмалы іш қатуда қолданылады. Жанама әсері: үйреншікті тудырады, сондықтан препаратты кезектестіру қажет. Ұзақ қолданғанда – гипокалиемия, антраценгликозидтер шырышты қабықшаның, тіпті тік ішектің бұлшық ет қабықшасының зақымдалуын, бауыр қызметінің бұзылуын, ал синтетикалық іш жүргізетін дәрілер аллергиялық реакциялар шақыруы мүмкін. Ішектің түйілуінде, іш теспесі синдромында қолдануға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |