Гастриттер - Жедел гастрит – инфекционды этиологиясы жоқ асқазан шырышты қабатының жедел қабынуы.
- Себептері:тамақтану бұзылыстары – көп көлемді тағаммен асқазанды жүктеу, тым ыстық немесе суық тағамды пайдалану, т.б.Кейде жедел гастрит кейбір дәрілік заттарды қолданғаннан кейін пайда болуы мүмкін (ацетилсалицил қышқылы, цитостатиктер т.б).
- Клиникалық көрінісі: Тамақтанудан кейін бірнеше сағаттан соң іштің ауырсынуы немесе толуы байқалады.(жиі түнде) Көп құсу пайда болады.Құсық массалары қышқыл реакциялы, құрамында қорытылмаған тамақ бар.Қайталап құсуда өт араласып, балалар ауыздағы ащы дәмге шағымданады.Құсудан кейін, әдетте, бала жеңілденіп, ауырсыну тиылады.Іщті пальпациялағанда ауырсыну және іш кебуі сезіледі.Кейінгі 1-3 күнде әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, кекіру, кейде тұрақсыз нәжіс байқалады.Дұрыс ем қолданса, ауру 1-3 күнде жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |