- Асқазанның және 12-елі ішек ойық жарасы – пилорикалық хиликобактер әсерінен асқазанның және 12-елі ішектің кілегей қабатында қабыну және жаралар дамуымен өтетін созылмалы ауру. Халық арасында кеңінен кездесетін аурулардың бірі,3 миллионнан астам адам есепте тұрады. Ұлтабардың ойық жара ауруы асқазанның ойық жарасынан үш есе жиі кездеседі және 35 жасқа дейінгі жастарда байқалады.Асқазан мен ұлтабардың ойық жарасы көптеген асқынуларға әкелуі мүмкін.Ойық жараның жиі қанауы.Тесіліп кетуі (перфорациясы).Көрші ағзаларға жарып өтуі(пенетрациясы).Ракка айналуы.
- Асқазан жара ауруы және 12-елі ішектің аурулары .Құрамы: үгітілген сүтті және көкөністі тағамдар ( қырыққабаттан басқа), дәнді-дақылды сорпа (бірақ етті және балықты емес); суға немесе буға қайнатылған және ботқа тәрізді түрінде көкөністер; қайнатылған құнарлығы аз ет, майлы емес қайнатылған балық, буға піскен ет, балық, сыртқы қабатынсыз қайнатылған тауық; сары май, зәйтүн майы, шемішке майы; сүт, қышқыл емес ұйыған сүт, майлы емес қаймақ, жұмсақ ірімшік, қышқыл емес қаймақ; бітеудей қайнатылған немесе булы омлет түрінде пысқан жұмыртқа,кептірілген нан; тәтті жеміс-жидектер, жеміс – жидекті, көкөністі шырындар, итмұрын қайнатпасы, қант, тоспа, шай, сүтті какао — әлсіз.
Пайдаланылған әдебиеттер - А. Коптілеу «Педиатриядағы мейірбике ісі», 2015,
- Ақтөбе.Б.Түсіпқалиев «Педиатриядағы мейірбикелік іс» , 2011,
- АқтөбеТукбекова Б.Т. «Балалар аурулары», 2015
Достарыңызбен бөлісу: |