Презентация Оңтүстік Қазақстан Медицина Академиясы Қр денсаулық сақтау министрлігі



бет2/3
Дата25.09.2023
өлшемі6,39 Mb.
#182435
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
диагностика Аяулым

Бас миы ісігі кезіндегі МРТ
Әдетте МРТ зерттеулерін жүргізуге ешқандай арнайы дайындық қажет емес. МРТ әдістемесі бойынша пациент көлденең қалыпта жатқан бойы томографтың тар тоннеліне енгізіледі, томографта жату зерттеу түрлеріне байланысты әртүрлі уақытты алады (25-40 минут). Пациент зерттелініп жатқан анатомиялық аймақты қозғалтпай жатуы керек. 
КІМДЕРГе СКАНЕРЛЕУ АЙМАҒЫНА ТҮСУГЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ?
Денесінде металл имплантаты бар болғанда тыйым салынады:
  • Кардиостимулятор немесе дефибриллятор кезінде;
  • Құлақ имплантанттары кезінде;
  • Аневризмасы бар кезде;

  • Электрондар немесе басқа медициналық құрылғылар туралы технолог хабарлауға міндетті.
    Олардың кейбіреулері зерттеу кезінде қауіп тудыруы мүмкін. Мысалы:
  • Жасанды жүрек клапандары;
  • Пациенттің протезі болған жағдайда;
  • Нервтің стимуляторы кезінде;
  • Хирургиялық қапсырма, пластиналар, түйреуіштер болған кезде;
  • Ортопедиялық тәжірибеде қолданылатын металдан жасалған объектілері, әдетте қауіпті емес, бірақ протез жақында жасалған болса, онда ол дәрігерге айтып ескеруі қажет.

Баланың бас миының ультрадыбыстық зерттеу әдісі (нейросонография) - бас миының құрылымы мен жұмыс істеуі және бас сүйегіндегі басқа құрылымдар туралы деректер алудың ең заманауи, сенімді және қауіпсіз әдісі. Педиатрияда нәрестенің миын скрининг үшін кеңінен қолданылады. Нейросонография барысында дәрігер мидың күйін және оның жеке бөліктерінің мөлшерін бағалай алады, дамудың бірнеше ақауларын анықтайды.
Краниография — бас сүйек құрылымдарына шолу жасайтын рентгенография. Әдетте бас сүйек рентген суретіне маңдай-мұрын (қырынан қарағандағы көрініс) және самай (тігінен қарағандағы көрініс) тұстарынан түсіріледі. Рентгенограммаларды қарағанда бас сүйегінің күмбезі ми астыңғы жағындағы түйісетін жіктеріне, сүйектің қалыңдығына, бүтіндігіне, жіктерінің жымдасуына, саусақ батуының ізі тәрізді өзгерістердің ерекшеліктеріне, түрік ершігінің формаларына, самай сүйектерінің тұрқы мен пирамидаларының ұштарына ерекше назар аудару.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет