Салық және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіпен шарттарға сәкес төлеушілердің бюджетке немесе бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу фкторы бола отыра салықтар мына жағдайларда жүзеге асырады. Бөлу жүйесінде пайда болатын қатерлерді жоюға мүмкіндік туғызады. Адамдардың осы немесе басқа әрекеттерінің дамуын ынталандырады (немесе ынталандырмайды). Мемлекетке түсетін салықтардың алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің ( бұдан кейін салықтар) жиынтығы және олардың құрылуын формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды. Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтар элементтері белгіленеді. Салықтың субъктісі немесе салық төлеуші – заң арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ салықтың ауыртпалығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлем қызметін атқарушы - салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді. Салықтың объектісі - салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т.б.).