Алғашқы көмек: - Дереу арада нейролептиктерді қабылдауды үзу. Транквилизаторлар тағайындау: реланиум, феназепам. М-холинолитикалық препараттар: акинетон, циклодол. Ноотроптар: пирацетам тағайындау керек. Гомеозстазды реттеу үшін: венаға тамшылатып полиглюкин, реополиглюкин, полиондық ерітінділер егу. Ми ісіну белгілері болса: диуретиктер қолдану. АҚҚ жоғары болса: мезатон, допамин.
- Бұл заттармен улану көбіне кішкентай балалар қараусыз қалғанда немесе өзіне-өзі қол жұмсағанда өте көп дәрежеде психотропты заттарды қолданғаннан пайда болады. Бұл кезде алғашқы көмек: асқазанды жуу.
- Нейролептиктермен оның ішінде фенотиазин туындыларымен уланғанда ( аминазин, тизерцин, пипольфен ) гипотония, қарашықтардың кеңеюі, тыныстың баяулауы, гипотермия, тахикардия, олигурия немесе анурия комотозды жағдаймен қосарланып көрінеді. Алғашқы көмек: асқазанды дереу жуу, тазалау клизмасын жасау. АҚҚ көтеретін мезатон, кордиамин, кофеин енгізу; ішек парезінің алдын алу үшін 1 мл 0,05% прозерин ерітіндісін тері астына егу; жүректік жетіспеушілікте жүрек гликозидтерін строфантин, коргликон және антиаритмиялық заттарды 3-5 мл 10% новокаинамидті тамырға жайлап жібереді; қосымша антипаркинсондық заттар қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |