Төте емес сайлауда ( жанама сайлау деп те аталады) сайлаушылар белгілі бір кандидаттарға дауыс бермейді,тек оны іріктеушілерге дауыс береді Төте сайлауда сайлаушылар кандидаттар үшін тең құқықта, тікелей дауыс беруге қатысады
Қазақстанда жаңа сайлау жүйесінің еңгізілуі қоғамның саяси жүйесін одан әрі демократияландыруға едәуір ықпалын тигізді. Парламент сайлауы мен оны қалыптастыруда саяси партиялардың белсенділігі арта түсті. Партиялық тізіммен дауыс беруге рұқсат етілген 2000 жылғы соңғы сайлау кезінде бұл анық байқалды. Бұл жағдай өз кезегінде елдің саяси өмірін одан сайын жандандыра түсті. Мұны мынадан көруге болады: 1998 жылдың соңы мен 2000 жылдың басында Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде «Қазақстан азаматтық партиясы», «Қазақстан халықтық республикалық партиясы», «Отан» республикалық саяси партиясы, «Қазақстан аграрлық партиясы» жөне басқа да партиялар тіркеуден өтіп, өмірге жолдама алды.

Жалпыға бірдей сайлау құқығы деп, мемлекеттің сайлауға қатысуға құқығы бар барлық азаматтарының сайлауға қатысуын айтады. Әлбетте, сайлауға соттар қабілетсіз деп танығандар, сол секілді еркінен айрылып, түрмеде отырғандар қатыспайды.Сондай-ақ кейбір елдердің конституциялары мен заңдары мұнан басқа да шектеулер ықтимал. Мысалы, Түркия Республикасының Конституциясының 67-бабында “жалпыға бірдей сайлауларға дауыс беруге нағыз әскери қызметтегі солдаттар мен унтерофицерлер, әскери курсанттар қатыса алмайды” деп көрсетілген