Тең сайлау құқығы. Сайлаушылар сайлауларға тең құқықтар негізінде қатысады Төте дауыс беру. Кандидаттарды азаматтар тікелей сайлайды Жасырын дауыс беру. Сайлаушылардың өз еркімен көңіл білдірулерін бақылауға алуға тыйым салынады Сайлау еркіндігі. Сайлау азаматтардың сайлауға және сайлануға байланысты өз құқықтарын еркін жүзеге асыруына негізделеді Сайлау құқығы белсенді( активті) сайлау құқығына және белсенді емес (пассивті) сайлау құқығына бөлінеді Біріншісінде – сайлаушылар дауыс берсе Екіншісінде – сайланып қойылатын лауазымға үкіметкерлік құқығы беріледі Дүние жүзінде сайлау жүйесінің негізгі үш түрі бар Мажоритарлық Тепе-теңдік (пропорциялық) Аралас
Мажориталық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп,
Мажориталық (мажор – көтеріңкі, көңілді деген француз сөзі) деп,
дауыс беру нәтижелерін берілген дауыстың көпшілікті
принципімен анықтайтын сайлау жүйесін айтады.
Өз кезегінде, мажоритарлық жүйе төмендегі екі түрге бөлінеді:
* берілген дауыстардың абсолютті басымдылығына
* берілген дауыстардың салыстырмалы (относительно)
басымдылығына
Абсолютті басымдылық жүйесінде сайлаушылардың 50 проценттен (50% +1) басымы дауыс бергенде кандидат сайланды деп есептеледі. 1958 жылдан бері мұндай жүйе Францияда бар. Ал, салыстырмалы басымдылық жүйесінде басқа кандидаттардың бәріне қарағанда көп дауыс алу мүмкіндігіне орай жеңген кандидат сайланады. Мұндай жүйе өте көп таралған әрі көп қолданылады.