Бүгінгі күні эндогендік апиындық жүйенің әсерленуі, ОЖЖ-де ғана болып қоймай, миелин қабығымен қапталған және миелин қабығы жоқ жүйке талшықтарының шеткері рецепторларының мембраналарында да болатыны анықталды. Эндорфиндер мен энкефалиндердің рецепторларының 70%-дан астамы ноцицепторлардың түйіспе алдылық мембранасында орналасатыны белгілі болды. Содан ауырулық дабыл жұлынға жетпей-ақ осы ауыру туындататын рецепторлардың өздерінде тежеледі деуге болады. Жүйке аяқшаларында бұл эндогендік пептидтер жүйкелік медиаторлармен бірге орналасқан және жүйкелік медиатор (мәселен, норадреналин) аздап бөлінгенде босап шықпайды..

Жүйкенің әсерленуі қатты және ұзақ болуынан және медиатор көп бөлініп шығуынан апиындық пептидтердің босап шығуы да артады. Бұл кезде эндорфиндер мен энкефалиндер жүйкелік медиатордың ары қарай бөлінуін тежеп, оның әсерленуінен сақтандырады. Содан ауыру сезімін басады. Бұл пептидтер жүйке талшықтары арқылы әрекеттік потенциалдың тарауын бөгейді, жүйке аяқшаларынан қоздырғыш медиаторлардың (Р-затының) бөлініп шығуын азайтады. Сонымен қатар, эндогендік олигопептидтерді қабылдайтын рецепторлар таламуста, лимбикалық жүйеде және жұлында тығыз орналасқан. Сондықтан олар ауыруды сезетін серпіндердің қалыптасуына да ықпал етеді, С-жүйке талшықтарымен жұлынның Т-нейрондарына келетін афференттік серпіндердің өткізілуін тежейді