Сонымен бірге, эндорфиндер мен энкефалиндер макрофагтарда, моноциттерде, Т- және В-лимфоциттерде өндіріледі. Ол қабынудың маңызды медиаторы интерлейкин-1-дің әсерінен болады. Тәжірибелік жануарларда ИЛ-1 ауырусынуды басатыны анықталды. Осыдан сүлде қабыну кездерінде ауыру сезімі әлсіз болады.
Сонымен бірге, эндорфиндер мен энкефалиндер макрофагтарда, моноциттерде, Т- және В-лимфоциттерде өндіріледі. Ол қабынудың маңызды медиаторы интерлейкин-1-дің әсерінен болады. Тәжірибелік жануарларда ИЛ-1 ауырусынуды басатыны анықталды. Осыдан сүлде қабыну кездерінде ауыру сезімі әлсіз болады.
Егер адамда апиындық рецепторлар, олигопептидтермен байланы-стырылмай, басқа заттармен (налоксон) алдын ала бөгеліп қалса, онда ауыру сезімталдығы қатты күшейеді.
Эндорфиндер мен энкефалиндер және ауыру сезімінен дамитын стресс-реакция гамма-аминомай қышқылы (ГАМҚ)-ергиялық жүйені әсерлендіреді.
Ауыру сезімін мына заттар азайтады.
Ауыру сезімін мына заттар азайтады.
● полипептид – нейротензин ОЖЖ-нде көптеп түзіледі және өте қуатты ауырусынуды басатын зат болып есептеледі;
● серотонин біршама ауырусынуды азайтатын әсер етеді. Сопақша мыйдың серотонин-ергиялық нейрондарының ауыру туындататын серпіндерді тежейтін қабілеті бар; серотонинге жауап қайтаратын нейрондардың шеткері бағытталған ұзын тармақтары жұлында желатиналық заттың нейрондарын қоздырады. Содан жұлынның Т-нейрондары тежеледі, ауыру туындататын серпіндер мый құрылымдарына өткізілмейді, ауыру сезімі байқалмайды; серотонинергиялық құрылымдардың қысқа мерзімде шамалы жеткіліксіздігі үрей мен ауыру сезімін туындатады, ал серотонин ұзақ жетіспегенде тұнжырау дамуы мүмкін.
● вазопрессин ауыру сезімін азайтады; вазопрессинге жауап қайтаратын гипоталамус нейрондарының ұзын тармақтары мый мен жұлынның әртүрлі құрылымдарына тарайды. Содан жұлынның желатиналық зат нейрондарын сергітіп, ауыру сезімін әлсіретеді
Ноцицепциялық тітіркендіргіштерге жұлын бірінші болып жауап қайтарады. Ары қарай оларға мыйдың торлы құрылымы, мезоэнцефалиялық аймақ, таламус, лимбикалық жүйе, мый қыртысы жауап қайтарады. ОЖЖ-де желатиналық заттың нейрондарына сергітетін ықпал ете алады. Содан жұлынның аралық Т-нейрондарының белсенділігі тежеледі. Сол себепті ауыру сезімінің пайда болу қарқынында жоғары жүйке әрекеттері түрлерінің, адамның көңіл-күйі жағдайларының маңызы үлкен. Адам өзінің ынта-жігерін, назарын басқа жағдайларға аудару арқылы ауыру сезімін азайта алады.