Презентация Тақырыбы: Қантүзу жүйесі ауруларымен науқастарды аспаптық зерттеу әдістері. Қабылдаған: Амангельдиева Г. Д орындаған: Нышан м топ: жмқА-01-20 «Ішкі аурулар пропедевтикасы»



бет4/5
Дата27.11.2023
өлшемі2,41 Mb.
#193629
түріПрезентация
1   2   3   4   5
Байланысты:
ІАП 4срс (копия)

ЭТЖ-да 2 әдіс жүргізіледі:
Сүйек миын, көк бауырды, лимфа түйіндерін зерттеу
Пункция (лат. punctio - укол) шприц инесі арқылы дене қуысын тесу. Пункция арқылы дене қуысына жиналған сұйықты немесе газды сыртқа шығарады. Мысалы:
  • іш кепкенде,
  • құрсақ ішіне сарысу жиналғанда
  • жұлын миға сұйық жиналғанда пункция жасаймыз .

  • Пункция диагностика қою немесе емдік мақсатта жасалады.
    Диагностикалық пункция- адам тінінде немесе
    ағзасындағы патологиялық процестерді зерттеу
    мақсатында, сол ағзадан не тіннен сұйықтық
    (ірің, сарысу) алу үшін жасалады.

Сүйек миын, көк бауырды,лимфа түйіндерін зерттеу
Стернальды пункция - төс сүйегіне пункция жасап, сүйек миын зерттеуге алу. Алынған сүйек миынан жағынды дайындап, Романовский-Гимзе бойынша бояп, сосын клеткаларды санап зерттейді, қорытындысы миелограмма деп аталады.
Трепанобиопсия - бұл жамбас (мықын) сүйегіне пункция жасау. Әрі қарай дәл стернальды пункциядағыдай клеткаларды зерттейді.
Көк бауырдың пукциясы-лимфогранулематозды, лимфоманы, лимфосаркоманы, эритремияны, созылмалы миелолейкозды және т.б. ауруларды анықтауға көмектеседі
Стернальды пункция
Трепанобиопсия
Көк бауырдың пукциясы
Радиоизотоптық зерттеу
Көк бауырды сканерлеу кезінде науқастың өзінің эритроциттерін радиоактивті хроммен немесе алтынының коллоидты ерітіндісімен белгілеп, қанға енгіземіз. Бұл әдіспен талақтың өлшемдерін және зақымдану ошақтарын анықтауға болады.
Цитохимиялық әдіспен лейкоциттерді зерттеу. Бұл әдіс ісік клеткаларын анықтауда қолданылады. Науқатардың қанын лейкоциттердің құрамындағы пероксидазаны, сілтілік фосфотазаны, эстеразаны анықтайды.
Цитогенетикалық зерттеу әдісімен клеткалардың хромосомасының морфологиялық немесе сандық ауытқуларын табады.
Лимфа түйіндерінің УДЗ
  • УДЗ зерттеу 10-40 минут өтеді.
  • Мойындық лимфа түйіндерін зерттеу– фарингит, тонзиллит, ларингит, ангинаны анықтай аламыз;
  • Шап аймағының түйіндерін УДЗ зерттеуі – шап аймағында қатаю, іштің төменгі бөлігінде ауырсыну, аяқ ісінулерінде өткізіледі.
  • Қолтық асты түйіндері – қолтық астында ауырсынуларда, қатаюлар пайда болғанда, бас ауыру кезінде өткізеді.
  • Перифериялық лифатүйіндері–перифериялық лимфатүйіндерінің ұлғаюы кезінде қабынуларда, онкологиялық аурулард тексеріледі.
  • Лимфа түйіндерінің УДЗ зерттеуі кезінде дәрігер түйіндердің локализациясын, санын, пішінін, структурасын қарайды. Көлемі жасқа байланысты 5 до 50 мм дейін өзгереді.Формасы қасында орналасқанмүшелерге байланысты болады. Формасы әртүрлі болуы мүмкін: доңгелек, сопақша, кәрілік кезде лента тәрізді болуы мүмкін.

Лимфография
Лимфография (рентгенолимфография) — лимфатикалық жүйені алдын ала боялған лимфа тамырларына рентгеноконтрастты заттарды енгізу арқылы жүргізілетін рентгенологиялық зерттеу әдісі. Лимфография үшін майлы контрастты заттар қолданады: йодолипол,этиодол; сонымен қатар суда еритін диодон, урографинді қолданады.
Рентгенографияны үш проекцияда контрастты енгізгеннен кейін және 24— 48 сағ. соң өткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет