- Сәндік-қолданбалы өнер түрлері мазмұнын сұрыптауда біз дидактикада қалыптасқан принциптермен бірге (жүйелілік, түсініктілік, көрнекілік, ғылымилық, саналылық, бірізділік, белсенділік) қазіргі теория мен практикада сирек пайдаланылатын, сәндік-қолданбалы өнер түрлері арқылы оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыруда тиімді нәтиже беретін жаңа принциптерге де (дамыту принципі, әлемдік бейненің тұтастық принципі, мәдениетке сәйкестілік принципі, технологиялық білім беру мазмұнының вариативті принципі, проблемалық принципі) аса мән берілуде. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері түрлерін меңгерту процесінде оқушылардың технологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында әртүрлі әдіс-тәсілдерді (сөздік, көрнекілік, аудиокөрнекілік, практикалық, салыстыру, теңестіру, ақпараттық, эвристикалық, қорытындылау, іздестіру және т.б.) пайдаланылуда. Соңғы жылдары «Технология қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерін меңгерту мәселесіне аса мән беріп отыр. Бұл орынды да, өйткені қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерінің оқушылардың эстетикалық, технологиялық мәдениетін қалыптастырудағы мүмкіндіктері өте жоғары.
Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6 - «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының редакциясы, 1998 жыл, 10 томдық.
- Гиперсілтемелер:
- https://www.google.com/amp/s/baribar.kz/student/1137/ulttyq-sandik-qoldanbaly-oener-arqyly/amp/
Достарыңызбен бөлісу: |