Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік
Педагогикалық Университеті
Факультет: Филология
ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Тақырыбы: Болмыс категориясы , түрлері
Қабылдаған: Арынғазиева Б..
Тобы: 117-28
Орындаған: Тоқмаханбет Н.
Шымкент -2020 жыл
Жоспар :
1 Онтология туралы ілім
2 Болмыс категориясы
3 Болмыс категориясының түрлері
4 Болмысты зерттеген ғалымдар
Онтология термині грек тілінде (ontos – болмыс, logos - ілім ).Демек, онтология грек тілінен аударғанда болмыс туралы ілім дегенді білдіреді.Философияда бұл термин ХVІІ ғасырдан бастап қолданылады.Онтологияда болу деген қасиетке ие болатын барлық мәселелердің мәнін ашуға негізделетін болмыс болып табылады.
Көптеген философиялық жүйелерде басқа да категориялар арасындағы ең маңыздысы «болмыс» категориясы болып табылады. Болмыс батыстық рефлексияда базалық категория деп саналады, өйткені ол заттардың мәнін бейнелейді. Бұл мәнділік «болудың» сипаттамасы болып табылады. Батыстық адам маңызды дүниетанымдық мәселелерді шешу барысында ой толғауды ең алдымен «барды», «болуды» түсіндіруден бастайды және бұл ойлаудың негізгі азығы болып табылады.
Болмыс материя философияның түбегейлі категориялары болып табылады, өзінің негізінде жалпы реалдылықты, табиғат пен адамның, материалдық әлем мен адамзат рухының біртұтас негізін бейнелейді.
«Болмыс» категориясын философияға тұңғыш енгізген ертедегі Греция философы Парменид. Ол болмыс бейболмыс болмыстың өзіндік ерекешелігін қалайша анықтады.Дүниенің бірлігі туралы ілім – оның материалдылығында. Материя сөзі(materia –зат,материал) деген мағына береді.Материяның анықтамасын берген Гольбах болатын.Ол өзінің “Табиғат жүйесі” деген еңбегінде адамның сезім мүшелеріне әсер ететін заттарды атап көрсеткен.Бұл анықтаманы дамытқан В.И.Ленин болатын.Өзінің “Материализм және эмпириокритицизм” еңбегінде материяның жан – жақты анықтамасын берді.
Болмыс категориясының түрлері
Заттар (денелер), процестер болмысы
Әлеуметтік болмыс
Адам болмысы
Рухани болмыс
Тарихи тұрғыдан келгенде адам қызметінің, өмір тіршілігінің негізі – табиғат заттары мен табиғи процестер. Бірінші табиғат ол адамзатқа дейін пайда болған, адамдардың санасынан тысқары және тәуелсіз өмір сүреді. Ол теңіздер, мұхит, ормандар, ауа, жер, т.б. Кейін адам Жер табиғатына қуатты да кең әрекет етуші болып табылады. Бұрын табиғатта өмір сүрмеген, адамдар өндірген заттардың, процестердің, жай-күйлердің тұтас дүниесі пайда болды. К. Маркс оны «Екінші табиғат» деп атады. «Екінші табиғатқа» жататындар: үйлер, материалдық заттар, адам ойлап шығарған өсімдіктер және тірі организмдер (табиғатта кездеспейтін).
Адам болмысы екіге бөлінеді: Адам тікелей жанды, нақты кісі ретінде өмір сүреді. Оның үстіне адамның өмір сүруінің табиғи алғышарты - оның денесінің өмір сүруі. Яғни адам, ең алдымен, «сүйек пен еттен жаралған пенде». Сонда адам денесі – табиғат бөлшегі. Денесінің болуы адамды шектеулі, өткінші жан иесі етеді. Ерте заманнан адамдар өз өмірлерінің ұзақтығының ұлғаю мұмкіндіктерін іздестірген. Ағылшын биологтарының айтуынша, барлық жағдайлар жасалса, адам денесі бір мың жыл өмір сүре алады. Өмір ұлғаю үшін не керек?
Рухани болмыс сана мен санасыздық процестерін қамтиды. Рухани болмысты шартты түрде екі үлкен топқа: жеке кісілердің өмірлік қызмет – тіршілігінен бөліп алуға келмейтін (дербестенген руханилық) және кісіден тысқары өмір сүретін, басқаша айтқанда, объективтендірілген (дербестенген емес) руханилыққа бөлуге болады.
Бірінші жағдайда адам сананың көмегімен сыртқы дүние туралы ойлайды, оның бейнесін туғызады (санасыздық процестер, тіл мен сана, тіл мен ойдың байланысы). Екінші жағдайға жататындар – кітаптар, сызбалар, жобалар, ескерткіштер, идеялар, ойлар, музыка, т.б.
Әлеуметтік болмыс та екіге бөлінеді: тарих процесінде жекеленген адам болмысына және қоғам болмысына. Жеке адам тек қана қоғамда өмір сүре алады. Ол бір ұлтқа, тапқа кіреді, бір мемлекетте тұрады, тарихи процестерге қатысады. Қоғамдық болмыс жағдайлары мен мүдделері арасындағы қайшылықтар туады. Қоғам неғұрлым жоғары дамыған сайын ондағы алуан саладағы прогресті жоғарылату қарқыны бұқараның, таптардың, жеке адамдардың жоғары саналылығына, әлеуметтік белсенділігіне, яғни субъективтік факторларға тікелей байланыстығын байқаймыз.
Гераклит болмыс қарама-қарсылықтардың өзара күресі, олардың бір-бірімен өзара қабысуы деп пайымдаған.Онда от пен су,жылылулық пен суықтық бар.Дүниедегі барлық нәрсенәң күресі, өйткені әлемдегі тамаша гармония туындайды.Болмыс үнемі дамуда,ұдайы қозғалыста.
Демокрит болмыстың алғашқы негізгі атам деп көрсетті.Атомдардың бір-біріне тартылуынан немесе бір-бірінен ажыауынан әлемнің көптігі пайда болады.Болмыстан басқа, бос кеңістіктегі болымсыздық бар.
Платон өз ілімінде өзгермейтін , мәңгі,нағыз болмыс- идея, ал өтпелі де өткінші болмыс -зат әлемі деген ойды қорытты.Бұл идея әлемнің көлеңкесі , онда мәңгілік, тұрақтылық жоқ
Болмыстың философиялық проблема есебіндегі екінші қыры мынаған сияды: табиғат, қоғам, адам, ойлар, идеялар – бәрі тең өмір сүреді, бірақ өмір сүру түрлері әрқилы, сөйте тұра олар бар болуы арқылы шексіз де тұрақты дүниенің тұтас бірлігін құрайды. Олай болса, болмыс ұғымы – дүниеде өмір сүріп жатқанның бәрін қамтитын кең көлемді философиялық катигория. Бар нәрселердің бәрі өзіндік айырмашылығын, ерекшелігін, шектілігі мен өтпелілігін сақтай отырып, дүниенің біртұтастығын, тұрақтылығы мен түпкіліктілігін қамтамасыз етеді.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
- Иманқұл Н. «Философиялық оқулық» Алматы 2008 жыл.
- Бөрібаев Т. «Философия ілімі»
- Н.И. Кузнецов «Философия» Москва 2004 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |