Презентация Тақырыбы: «Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов. Өмірі мен шығармашылық жолы» Орындаған: Жолдасбек Д. Тобы: М1701-11 Қабылдаған: ф.ғ.к., доцент м.а. Мамыт А.А. - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ФИЛОЛОГИЯ» ФАКУЛЬТЕТІ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ» КАФЕДРАСЫ
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов – көрнекті қоғам қайраткері, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист. Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866- 1937). Шығармаларының 9 томдық толық жинағы = Полное собрание сочинений в 9 томах. - Астана: «Сарыарқа» БҰ,
2009. – 1 том. - 564 б.
2009. – 2 том. - 554 б.
2010. – 3 том. – 498 б.
2010. – 4 том. – 568 б.
Қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, энциклопедияшыл ғалымы әрі көрнекті публицисі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханның тұңғыш толық шығармалар жинағы - 1889-1937 жылдар аралығында мерзімді басылымдарда, ғылыми журналдар мен жинақтарда жарық көрген ірі ғылыми монографияларын, ғылыми зерттеулерін, саяси публицистикасын, әдеби сын мақалалары мен аудармаларын және жеке хаттарын қамтиды.
Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866-1937). Шығармаларының 9 томдық толық жинағы = Полное собрание сочинений в 9 томах. - Астана: «Сарыарқа» БҰ,
2010. - V том. - 560 б.
2013. – VI том. - 520 б.
2013. – VII том. - 502 б.
2013. - VIII том. - 528 б.
2013. - IX том. - 521 б.
Бөкейхан Ә. Таңдамалы (избранное). - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1995
Ұсынылып отырған «Ә. Н. Бөкейхан. Таңдамалы» атты жинаққа Ә. Бөкейханның 1899-1937 - жылдар аралығында жарияланған ірі монографиялары, ғылыми басылымдары, мақалалары және жеке хаттары еніп отыр. Жинақтың соңында Ә. Н. Бөкейхан қалдырған мол аманат-мұраның шежіресі берілген.
Бөкейханов Ә. Шығармалар. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 384 б.
Кітапқа XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, Алаш партиясының негізін қалаушы, Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейхановтың "Қазақ" газеті және басқа басылымдарда жарық көрген еңбектері, сондай-ақ ұлы күрескерге кезінде замандастары тарапынан көрсетілген құрметті айғақтайтын материалдар енді. Жеке кітап түрінде тұңғыш жарияланып отырған бұл материалдар арқылы оқырманның аса құнды мәліметтер ала алатындығы даусыз.
Бөкейхан Ә. Таңдамалы. – Алматы: «Өлке» баспасы, 2003. – 2- кітап. – 224 б.
"Алаш мұрасы" сериясы бойынша ұсынылып отырған Ә.Н.Бөкейханның таңдамалы шығармалар жинағына мақалалары мен зерттеулері енгізілді.
Бөкейханов Ә.Н. Қазақтар: тарихи-этнографиялық еңбектер. 2- ші бас. толық. - Астана: Алтын кітап, 2007, - 303 б. - (Қазақ этнографиясының кітапханасы, 14-ші том).
«Қазақ этнографиясы кітапханасының» бұл томына XX ғ. басындағы ғұлама ғалым Ә.Н. Бӛкейхановтың тарихи-этнографиялық еңбектері енді.
Жинақты ғалымның «Киргизы», «Павлодарский уезд», «Казаки Адаевского уезда» және «Овцеводство в Степном крае» сияқты тарихи-этнографиялық еңбектері, «О киргизских поминках» атты әдеби сын мақаласы құрайды. Ә. Бөкейхановтың ғылыми-зерттеулерінде қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық жағдайы терең қарастырылған, сондықтан да маман-қоғамтанушылар үшін құнды болып табылады.
Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. – Алматы: «Өнер» баспасы, 2015. – 1-кітап. – 304 б.
«Өнер» баспасында дайындалған «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» деп аталатын осы қысқаша анықтамалық - есімдері көне дәуірлер қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен қазақ халқының тарихи тұлғаларының өмірдеректері, олардың кейінгі ұрпақтарына қалдырған рухани мұралары, мүмкіндігінше, толық қамтылған жинақ. Баспа деректерді жан-жақты жинақтап, зерделеп болған соң, оқырманға әрбір есімнің өзіндік болмысын нақтылап ашатындай етіп беруге тырысты.
Жүз тұңғыш. Жинақ / Құраст. Бексұлтан Нұржекеұлы. – Алматы: "Жалын баспасы" ЖШС, 2005. – 2-кітап. – 352 б.
Бұл жинақ - қазақ халқының өміріне, тарихы мен мәдениетіне, ғылымы мен экономикасына қатысты әр саланы игеруге, ашуға, дамытуға тұңғыш із салған қазақ ұл-қыздары туралы.
Бектұров Ж. Ақиқаты осы еді. – Алматы: Ғылым, 1995.
– 116 б.
Белгілі жазушы-журналист Жайық Бектұровтың "Ақиқаты осы еді" атты естелігінде Әбілхайыр ханның немересі Баймұханбет сұлтаннан бастап, Кенесары-Наурызбай дәуіріндегі елін, жерін қызғыштай қорғаған батырлар мен ғұламалардың бірлікке, ерлікке толы кезеңдері, сондай-ақ Әлихан, Міржақып, Мағжан, Ахмет. Жүсіпбектей тұлғалардың заманның қос ӛкпеден қысқан тар жол, тайғақ кешуіндегі отбасындағы, қоғамдағы, мемлекеттік деңгейдегі ӛрелі-ӛнегелі ӛмірнамалары, естен кетпес сталиндік қуғын-сүргіндегі автордың ӛзі және замандастары тартқан тағдыр тауқыметі, „Қозы Кӛрпеш-Баян сұлу", „Батыр Баян", „Киік", басқа да аңыз, ертегі, қиссалардың түп тӛркіні ӛзі туып-ӛскен Сарыарқа ӛлкесінен ӛрбуінің қыр- сыры, ӛзге де тарихи деректер нақты дәлелмен кеңінен суреттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |