Презентация Тақырыбы: Әр түрлі жастағы әйелдер ағзасының клиникалық-физиологиялық ерекшеліктері. Таңатар Даниял Топ: 102



бет1/4
Дата03.11.2023
өлшемі0,65 Mb.
#189261
түріПрезентация
  1   2   3   4
Байланысты:
Физиология №15 Презентация


«Астана медицина университеті» КеАҚ
Презентация
Тақырыбы: Әр түрлі жастағы әйелдер ағзасының клиникалық-физиологиялық ерекшеліктері.
Таңатар Даниял
Топ: 102

Әйелдердің репродуктивті жүйесінің функционалдық жағдайы өмірінің белгілі бір кезеңдеріне байланысты:

  • Антенатальды кезең
  • Нәрестелік кезең (туылудан 10 күнге дейін)
  • Балалық шақ кезеңі (8 жасқа дейін)
  • Пубертатты кезең (8-16 жас)
  • Репродуктивті кезең (17-40 жас)
  • Пременопаузальды кезең (41 жастан менопаузаға дейін)
  • Менопаузальды – менстурацияның толық тоқтауы

Антенатальды кезең

  • Аналық без
  • Эмбрион дамуында алғаш жыныстық бездер қалыптасады (3-4 апта). 6-7 аптада гонадалар қалыптасуының индиферентті сатысы бітеді. 10 аптадан бастап әйел гонадалары қалыптасады. 20 аптада тығыз эпителимен қапталған овоцит жасушасы қалыптасады. 25 аптада аналық бездің ақуыздық қапшығы қалыптасады. 31-32 аптада фолликулдардың дәнді клеткаларының дифференцировкасы жүреді. 37-38 аптада фолликулдар саны артады. Туылу кезінде аналық безі морфологиялық жетілген.

Ішкі жыныс мүшелері

  • Ішкі жыныс мүшелері
  • Жатыр түтігі, жатыр және қынаптың 1/3 бөлігі парамезонефральды түтіктен дамиды. 5-6 аптадан жатыр түтігі дамуы басталады, 13-14 аптада жатыр парамезонефральды түтіктің дистальды бөлігі қосылуынан түзіледі. 16-20 апта жатыр мойны түзіледі. 17 аптада жыныс еріндері түзіледі. 24-25 аптада қыздың белгілері анық көрінеді.

Гипоталамо – гипофизарлы жүйе

  • Гипоталамо – гипофизарлы жүйе
  • 8-9 аптадан бастап аденогипофиздің секрециясы басталады, ФСГ және ЛГ гипофизда, ұрық қанында, аздап аммони сұйықтығында анықталады. Осы кезде ГнРГ идентификациясы болады. 10-13 аптада нейротрансмиттер анықталады. 19 аптада пролактин бөліне бастайды.

Нәрестелік кезең

Ұрық даму соңында анасының эстроген мөлшері жоғары болуы фетальды гипофиздің гонадотропин секрециясын тежейді, бала туылған кезде қанында эстроген мөлшерінің бірден төмендеуі аденогипофизден ФСГ және ЛГ секрециясын стимулдап, аналық без функциясының қысқа уақытқа күшеюіне әкеледі. 10 күні эстрогендік әсер ету тоқтайды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет