ОРТАЛЫҚ ЛИМФОИДТЫ МҮШЕЛЕР.
Тимус - Омыртқалылар лимфоцитопоэзының орталық мүшесі. Бұл без ұрықішілік даму кезеңінде пайда болады және туылған сәтте 10-15 г салмаққа жетеді. 5 жаста толығымен жетіліп 30-40 г, ал 30 жастан кейін бездің кері дамуы басталады.Тимус безі туа біткен болмаған балалардың лимфоциттің иммунологиялық компетенсіздігіне байланысты өмір сүру қабілеті жоқ.Туа пайда болған зақымданулары байқалады – гипоплазия (Ди Джорджи синдромы).
Сүйек кемігі – адам мен басқа сүтқоректілердің сүйек кемігіндегі полипотентті бағана жасушаларының бастаушысы – жасушалары түзіледі, олар әрі қарай Т- және В- лимфоциттерге немесе қанның басқа иммуниттетің орталық мүшесі болып саналады.
ПЕРИФЕРИЯЛЫҚ ЛИМФОИДЫ МҮШЕЛЕР Көкбауыр – лимфоциттердің Т- және В- тәуелді аймақтары орналасады. Көкбауырда негізінен антидене өндіріп, плазматикалық жасушалары көп жиналады.
Қан – иммунитеттің перифериялық мүшесіне жатады.Оның құрамында Т- және В – лимфоциттер, полиморфтық ядролық лимфоциттер айналады. Лимфоциттер лейкоциттердің жалпы санының 30 % құрайды.
Топтық лимфатикалық фолликулалар – бұл аш ішектің шырышты қабатындағы лимфоидты тіндердің жиынтығы.Жұтқыншақ сақнасындағы лимфоидты тіндер.
Т- ЖӘНЕ В- ЛИМФОЦИТТЕР Т – лимфоциттер иммунды жауаптың жасушалық түрін қамтамасыз (гиперсезімталдықтың баяу түрін, трансплантациялық иммунитетті, ісікке қарсы иммунитетті.)
В – лимфоциттер гумаральды иммунтетке жауап береді (антидене түзілуінің барлық түрі).
Жарық микроскоппен қарағанда Т- және В- жасушаларды ажыратуға мүмкіндік жоқ, электрондық микроскопия көруге болады. В – лимфоциттерге түкті беткей тән, Т –жасушалар тегістеу, түктері аз.
ИММУНОГЛОБУЛИНДЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ Жалпы антидене құрылысының жоспары:
1. Fab (антигенмен байланыстырушы фрагмент)
2. Fc (кристалдануға қабілеті бар фрагмент)
3. ауыр тізбек
4. жеңіл тізбек
5. антигенмен байланыстырушы аймақ
6. шар тәізді аймақ - күрделі құрылымдардан құралған.