Иммунитет – ол өзінен бөтен генетикалық информация тасымалдау қабілеттілігі бар тірі денелер мен заттардан қорғану тәсілі.
Иммунитет – ол өзінен бөтен генетикалық информация тасымалдау қабілеттілігі бар тірі денелер мен заттардан қорғану тәсілі.
Тірі денелер мен заттарға генетикалық информация белгісі барлардың барлығы жатады: бактериялар, вирустар, қарапайымдылар, құрттар, белоктар, тін жасушалары, аутоантигендер, қатерлі ісік жасушалары және тағы басқалар
Кіріспе Негізгі бөлім ИММУНИТЕТТІҢ МӘНІ МЕН РОЛІ. Иммунитет (латын сөзінен immunitas- бір нәрседен айырылу, құтылу) – организмде сырттан түсетін және организмнің ішінде түзілетін генетикалық бөтендігі бар заттардың әсерінен оның құрылымды және қызметтік тұтастығын сақтап қалуға бағытталған ағзаның кешенді реакциялар жиынтығымен сипатталады. Иммунды жүйенің “бөтен” антигендерді тану, яғни ”бөтен” антигенді “өз” антигенінен ажырату және залалсыздандыру қабілеті. Иммунды жүйе бөтен антигендік заттарды тауып залалсыздандыратын иммунды бақылау қызметін атқарады.
ИММУНДЫ ЖҮЙЕ Иммунды жүйе лимфоидты тіндерден тұрады.Бұл мамандаған, анатомиялық жеке тін әртүрлі лимфоидтық түзілістер түрінде барлық организмде таралған. Лимфоидты тіндерге жатады: тимус, сүйек кемігі, көкбауыр, лимфа түйіндері тағы басқалар жатады. Лимфоидты тіндер тіннің негізін құрайтын ретикулярлы (торлы) жасушалардан және осы жасушалар арасында орналасқан лимфоциттерден тұрады. Иммунды жүйенің негізгі қызмет ететін жасушалары Т- және В- лимфоциттерге бөлінетін лимфоциттер және олардың субпопуляциялары болып келеді.Адам организміндегі лимфоциттердің жалпы саны 10-ның он екінші дәрежесіне тең, ал лимфойдты тіндердің жалпы салмағы дене салмағынан 1-2%құрайды.