Нуо казахстанско



бет1/3
Дата04.11.2023
өлшемі478,12 Kb.
#189327
  1   2   3

БОӨЖ


НУО «КАЗАХСТАНСКО-РОССИЙСКИЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ»
Тақырып:Иммунды ферменттік талдау: әдістің
принципі және кезеңдері.
Орындаған: Нұрмолда Балнұр Тобы: 201А
Курсы: 2 курс
Мамандығы: Жалпы медицина
Қабылдады: Ермекбаева Ф.H

Жоспар:

  • Кіріспе
  • Негізгі бөлім
    • Иммундық ферментті талдау
    • Спецификалық

    • антиденелерді анықтау әдісі (сэндвич әдісі)
  • Қорытынды IV.Пайдаланылған

  • әдебиеттер

КІРІСПЕ


Иммундық ферментті талдау (сараптама) – антиденелер мен антигендерді сандық және сапалық анықтау иммунологиялық
зертханалық әдісі
Негізгі бөлім
70-шы жылдардың басында ИФТ әдісін ашқан ғалымдар: Швеция ғалымдары – Engvall және Perlmann Нидерланд ғалымдары - van Weemen
және Schuur, АҚШ ғалымы - Rubenstein
ELISA (enzyme linked immunosorbent assay ) –

Спецификалық әрекеттесу принципі


Әдіс антиген мен оған сәйкес антидене арасындағы спецификалық әрекеттесу
принципімен жасалады. Комплексті анықтау үшін ферментті белгімен (пероксидаза,
сілтілі фофатаза, глюкозооксидаза,
ацетилхолинэстераза, каталаза және т.б.) байланысқан анти-антидене болып
табылатын арнайы конъюгат (адам Ig қарсы қоян антиденелері немесе моноклондық
антиденелер) қолданылады.

Спецификалық антиденелерді анықтау әдісі (сэндвич әдісі)


Планшет ойықтарына қоздырғыштың антигені орнатылып, зерттелетін сары сумен бірге инкубацияланады. Спецификалық антиденелер болған жағдайда олар байланысып, антиген-антидене комплексі түзіледі.
Одан кейін бұл комплекс конъюгатпен инкубацияланған кезде анти- антиденелер антиген-антидене комплекстерімен байланысады.
Ферменттік реакция (түрлі-түсті реакция) сутегі тотығы мен
пероксидазды реакция процесінде тотығып, боялатын субстраттың қатысумен жүреді.
Боялу қарқыны анықталатын спецификалық антиденелердің санына байланысты болады.
Нәтижесі спектрофотометрмен немесе визуалды бағаланады.
Бұл схемада антигендер (2) планшеттің ойықтарына (1) орнатылған.
Ойыққа зерттелетін сары су енгізіледі. Егер сары суда антигендерге
қарсы антиденелер (3) болса, инкубациялану кезінде антиген/антидене
байланысы түзіледі.
Планшеттің ойықтарын байланыспаған субстанциялардан (яғни спецификалық емес антиденелерден) тазалап, оған екінші антиденелер (4) қосылады. Бұл антиденелерге белсенді фермент (Е) бекітілген. Мұндай комплекстік байланысу конъюгат деп аталады. Инкубациялану кезінде ойықта сэндвич тәрізді құрылым түзіледі.
Диагнос
тика
Планшеттің ойықтарын байланыспаған конъюгаттан тазалап, оған түссіз субстрат (5) қосылады, бұл субстратқа фермент (Е) әсер етіп,
оны бояйды (6).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет