ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС № 6
Тақырыбы: Каталаза ферменттің активтілігін анықтау.
Мақсаты: Каталаза ферменттің активтілігі туралы білім қалыптастыру.
Тірі ағзада тотығу-тотықсыздану реакция кезінде сумен қатар сутек асқын тотығының біраз мөлшері түзіледі. Ол жасуша уы болып табылады. Каталаза ферментті осы улы қосылысты су және молеклярлы оттекке дейін ыдыратады. Каталаза тірі ағзада кең таралған. Әсіресе қан және бауырда көп болады.
№ 18 жұмыс Каталаза ферменттің әсерін зерттеу
Видео-сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=POZd9ljJnDY
Анықтау әдісі: екі пробиркаға каталаза ферменті бар биологиялық сұйықтық (сұйытылған қан) немесе көкөніс (картоп, қияр, т.б.) саламыз. Бір пробирканы қайнатамыз. Суытқан соң екі пробиркаға 10 тамшы 3% сутек асқын тотығы ерітіндісін қосамыз. Қайнатылмаған пробиркада көпіршіктердің бөлінуін байқаймыз.
Химизмі: Н2О2 Н2О + О2↑
Тақырып бойынша негізгі қарастырылатын сұрақтар:
Оксидоредуктазалар. Жіктелуі.
Дегидрогенезалар: өкілдері, құрылысы, катализдік әсері.
Дегидрогенезалардың коферменттерінің құрамына кіретін витаминдер.
Убихинон, құрылысы, катализдік әсері.
Цитохромдар: өкілдері, құрылысы, катализдік әсері.
Каталазалар мен пероксидазалар, құрылысы, катализдік әсері.
Оксигеназалар (гидроксилазалар), құрылысы, катализдік әсері. Гидроксилазалардың ролі.
Дайындалуға ұсынылатын электронды ресурстар: УМКД-ге жүктелген
ЖАҒДАЙЛЫҚ ЕСЕПТЕР ПЕН ЖАТТЫҒУЛАР
Жаттығулар:
Пиридинферменттердің коферменттерінің формулаларын жазыңыз.
Флавинферменттердің коферменттерінің формулаларын жазыңыз.
Қандай цитохромда гемоглобиннің геміне ұқсас гем бар? Гемнің формуласын жазыңыз, рационалды атын атаңыз.
А тобы цитохромдарының бір-бірінен айырмашылығы неде? ЦХО компрекстің маңызын түсіндіріңіз.
КоQН2 тотығу реакциясын жазыңыз.
Цитохром с1 гемінің формуласын жазыңыз.
Цитохром с-ден цитохром а3-ке дейін электрондарды тасымалдауда цитохром а-ның биологиялық рөлі. Неліктен кері бағытта электрондардың тасымалдануы жүрмейді?
Сутек асқын тотығы екі жолмен ыдырайды:
Н2О2 Н2О + [О]
2Н2О2 2Н2О + О2
Көрсетілген реакцияларды қандай ферменттер катализдейтінін көрсетіңіз. Олардың химиялық табиғаты туралы түсінік беріңіз.
Берілген реакция қалай аталады? Реакцияны қандай фермент катализдейтінін анықтаңыз. Оның химиялық құрамы туралы түсінік беріңіз.
Жағдайлық есеп:
Жарақатталған жерге сутек асқын тотығын жаққанда газдар бөлінбеді. Бұл құбылыс қандай паталогиялық жағдайда байқалатынын түсіндіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |