Латералды және алдыңғы қыртысты-жұлындық (пирамидалық) жолдар
- орталықалды қатпар;
- таламус;
- қыртысты-ядролық жол;
- ортаңғы мидың көлденең қимасы;
- көпірдің көлденең қимасы;
- сопақша мидың көлденең қимасы;
- пирамидалардың қиылысы;
- латералды (бүйірден) қыртысты
жұлындық жол;
9 - жұлынның көлденең қимасы;
10 - алдыңғы қыртысты-жұлындық жол.
Бұл жолдар орталықалды қатпарлардағы нейрондардың үштен екісінен және параорталық үлесшесінен басталады.
Бұл жолдар орталықалды қатпарлардағы нейрондардың үштен екісінен және параорталық үлесшесінен басталады.
Бұл аксондар ішкі қалташаның артқы аяқшаларының алдыңғы бөлігі арқылы өтіп, ми бағанының төменгі (алдыңғы) бөліктерінде төмен қарай түседі.
Жұлынмен шекарады осы жол талшықтарының бір бөлігі қарсы жаққа өтеді де, одан әрі жұлынның бүйір жіпшелері арқылы төмен түседі.
Талшықтардың бұл шумағы латералды қыртысты-жұлындық жол деп аталып, жұлынның алдыңғы мүйіздерінің қозғалтқыш нейрондарында аяқталады.
Қыртысты-жұлындық жол талшықтарының басқа бөлігі өз жағындағы жұлынның алдыңғы жіпшелері арқылы төмен қарай қозғалуын жалғастырады. Бұл алдыңғы қыртысты-жұлындық жол. Тек жұлын сегменттерінің деңгейінде ғана бұл (алдыңғы) жолдың талшықтары қарама-қарсы жаққа өтіп, жұлынның алдыңғы мүйізшелерінің қозғалтқыш нейрондарының жасушаларында аяқталады.
Жұлынның алдыңғы мүйіздері нейрондарының аксондары жұлын нервтерінің алдыңғы түбіршіктер түзіп, қаңқаның бұлшықеттеріне қарай бағытталады.