Дененің төменгі жағында орналасқан орталықтарды (жұлын) жоғарғы жағындағы орталықтармен (бас миымен) қосады немесе жоғарыдағы орталықтарды (бас миы, үлкен мидың қыртысы және оның басқа ядролары) төменде орналасқан бас миының және жұлынның ядроларымен қосады.
Нерв импульстерінің қозғалу бағытын ескере отырып, проекциялық өткізгіш жолдарын көтерілетін (сезгіштік) өткізгіш жолдары және төмендейтін (қозғалтқыш, сенсорлық) жолдар деп бөледі.
Нерв импульстерінің қозғалу бағытын ескере отырып, проекциялық өткізгіш жолдарын көтерілетін (сезгіштік) өткізгіш жолдары және төмендейтін (қозғалтқыш, сенсорлық) жолдар деп бөледі.
Көтерілетін проекциялық жолдарды өз кезегінде экстерорецептивтік, проприоцевтивтік және интероцептивтік деп жіктейді.
Экстерорецептивтік жолдар организмге сыртқы факторлардың әсерінен пайда болған импульстерді өткізеді (тері рецепторларынан, сезім ағзаларынан).
Интерорецептивтік жолдар организмнің ішкі ортасының ағзаларынан нерв импульстерін тасымалдайды (тіндердегі тін сұйықтықтары мен қан тамырларындағы қанның қысымы туралы, зат алмасу деңгейі туралы).