Презентация тақырыбы: жоспар: жасуша туралы жалпы түсінік. 2 5



бет4/8
Дата29.12.2021
өлшемі290,94 Kb.
#106203
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жасушаның хим құрамы

НӘРУЫЗДАР.

КӨМІРСУЛАР.

Көмірсулар – майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары – глюкоза мен гликоген. Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі. Жануарлар жасушаларында көмірсулар мөлшері көп емес, 1-2%-дан 5%-ға дейін болады. Өсмдік жасушалары көмірсуларға бай, олардың құрғақ салмағының 90%-ын көмірсулар құрайды. Көмірсуларды қарапайым және күрделі деп бөледі. Қарапайым көмірсулар – моносахаридтер деп аталады. Молекуласындағы көміртек атомынның санына байланысты моносахаридтер триоза, тетроза, пентоза және гексоза деп аталады. Гексозалардың ішінен маңыздыларына глюкоза мен фруктоза жатады. Глюкоза қанның құрамында болады және ағза жасушалары мен ұлпаларында негізгі энергия көзі қызметін атқарады.



ЛИПИДТЕР.

Липидтер – барлық тірі жасушалардың құрамына кіретін және тіршілік процестерінде маңызды рөл атқаратын май тәрізді заттар. Липидтердің гидрофобты қасиет көрсетуінің жасуша тіршілігіндегі рөлі ерекше. Себебі, жасуша мембранасының ортаңғы екі қабаты фосфолипид молекуласынан тұрады. Фосфолипид молекуласы жасушаға сырттан қажетсіз заттарды өткізбейді, керісінше іштен сыртқы ортаға жасуша заттарын шығармаудың нәтижесінде, оның химиялық ортасы тұрақты болады. Сол сияқты липидтер жүйке ұлпасында, мида көп мөлшерде бар. Сонымен қатар, жүйкенің миелинді қабықшасын зерттеудің нәтижесінде фосфолипидтердің маңызы айқындала түсті. Май тәрізді заттарға: холестерин, майда еритін А, D витаминдері және кейбір гормондар жатады.

Липидтер барлық тірі жасушаларда болады, осыған орай организмде мынадай маңызды қызметтер атқарады: құрылыс, энергия көзі, қоректік зат, қорғаныштық, метаболизмдік және т.б.

Липидтердің суда ерімейтін қасиеті оның жасушадағы құрылыс қызметін атқаруына мүмкіндік береді. Ұлпалардың, жасушалардың және олардың органоидтерінің мембраналары фосфолипид молекуласынан түзіледі. Сол сияқты липидтер көптеген биологиялық қосылыстардың түзілуіне қатысады.

Липидтер – энергия көзі. Липидтердің ішіндегі табиғатта көп таралғаны – майлар. Майлар – организм тіршілігіндегі негізгі энергия көзі. Организмге қажетті энергияның 25-30%-ын липидтер береді. Майдың 1 грамы толық ыдырағанда, 38,9 кДж энергия бөлінеді, ол нәруыз бен көмірсудан бөлінетін энергиядан екі есе көп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет