Презентация тақырыбы: жоспар: жасуша туралы жалпы түсінік. 2 5



бет6/8
Дата29.12.2021
өлшемі290,94 Kb.
#106203
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
жасушаның хим құрамы

МИНЕРАЛДЫ ТҰЗДАР.

Сумен бірге тұздар да жасушаның бейорганикалық заттарына жатады. Жасушаның тіршілік процестері үшін тұздардың құрамына енетін кальций, натрий, калий, магний және фосфат иондарының маңызы зор. Жасушаның қалыпты қызмет атқаруы және жасуша ішінде үнемі реакция жүруі үшін де иондардың маңызы ерекше.

Бейорганикалық заттар жасушада, тек еріген күйінде емес, сондай-ақ қатты заттар күйінде де кездеседі. Атап айтқанда, сүйек ұлпасының қатты әрі беріктігі кальций фосфатының, ал былқылдақ денелілер бақалшықтарының беріктігі онда кальций карбонатының болуына байланысты. Кальций иондары биологиялық процестердің реттелуіне және қанның ұюына да қатысады. Натрий, калий иондары жасуша мембранасына әр түрлі заттардың енуіне және жүйке талшықтарының тітіркеністерді өткізуіне көмектеседі. Фосфат иондары нуклеин қышқылын түзуге қатысады және энергетикалық процестерді, қозғалыс қызметін жүзеге асыруға ат салысады. Темір иондары да оттекті тасымалдауда үлкен рөл атқарады. Мырыш, молибден және кобальт иондары ферменттік процестерге қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет