1. Ентікпенің алғаш дамуы мен оның сипатын (кенеттен пайда болуы немесе үдемелі өршуі) анықтау, сонымен қатар пайда болу жағдайын (тыныштықта немесе физикалық күш түскенде) білу.
2. Қазіргі жағдайға əкелген симптомдарды анықтау (кеудедегі ауыру сезімі, гипертониялық криз эпизоды).
3. Жалпы жағдайын жəне өмірлік маңызды функцияларды бағалау: есін, тынысы, қан айналымы.
4. Науқастың қалпы: ортопноэ.
5. Визуальді бағалау: тері жабындыларын (боз, ылғалды), акроцианоздың болуы, мойын веналарының жəне кеуденің жоғарғы бөлігі веналарының ісінуі, шеткі ісінулер ( аяқ-қолдың, асцит).
6. Тыныс алу жиілігін (тахипноэ), пульсті (тахикардия немесе кейде брадикардия).
7. АҚҚ-ын өлшеу: САҚ-ның 90 мм с.б. төмен түсуі - шок белгісі; гипотония (миокардтың ауыр зақымдануы кезінде); немесе гипертензия ( ағзаның стресстік жауабы кезінде).
8. Перкуторлы: жүректің абсолютті тұйықтығының солға немесе оңға ұлғаюы (кардиомегалия).
9. Пальпаторлы: жүрек ұшы түрткісінің ығысуы.
10. Жүрек аускультациясы: пресистолалық ырғағы, жүрек ұшында систолалық шу.
11. Өкпе аускультациясы: ылғалды сырылдар.
Жедел сол қарыншалық жүрек жетіспеушіліктің ЭКГ-белгілері: