Презентация Тақырыбы: Өсу мен даму тәріздес түсініктерді анықтау Орындаған: Шәден Самал



Дата29.03.2022
өлшемі384,78 Kb.
#137154
түріПрезентация
Байланысты:
Өсу мен даму

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

«Тамақ инженериясы» кафедрасы

Презентация

Тақырыбы: Өсу мен даму тәріздес түсініктерді анықтау

Орындаған: Шәден Самал

Тобы: ЖТ-19-6К

Қабылдаған: Саидуллаева Л.

Өсу мен даму түсініктері

  • Балалар мен жасөспірімдердің организмдері үнемі өсіп дамуда болады.
  • Организмдердердегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп аталады.
  • Организмнің негізгі 3 дене көрсеткіші бар: 1) бойы; 2) салмағы; 3) кеуде шеңбері.
  • Өсумен қатар организмде даму жүріп жатады. Даму – сапалық көрсеткіш. Организмнің дамуы деп сандық көрсеткіштердің сапалық көрсеткіштерге айналып, ұлпалардың жекешеленіп, белгілі бір қызмет атқаруға бейімделуін, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінң артуын, баланың ақыл-ой өрістерінің молаюын айтады. Организмінің дамуы екі түрлі: 1) физикалық, 2) функциялық.

Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ заңдылықтары:

  • өсу мен даму гетерохронды болады.
  • мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әр түрлі келеді.
  •  өсу мен даму баланың жынысына байланысты.
  • функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
  • өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі
  • өсу мен дамудың акселерациясы (балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының олардың ата-аналарымен салыстырғанда жылдамырақ болуын өсу мен дамудың акселерациясы деп аталады).

Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:

  • Адамның өмірін 3 кезеңге бөлуге болады:
  • 1) дамып жетілу, 2) кемелдену, 3) қартаю.
  • Жас кезеңдері – бұл өсуі мен дамуы ұқсас, физиологиялық ерекшеліктері бірдей уақыт мөлшерінің шегі. Белгілі бір жас кезеңінде организмнің даму дәрежесі бір деңгейге жетіп, келесі деңгейге дайындалу мерзімі басталады.
  • 1965 жылы Москвада болған дүниежүзілік жиналыста адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген.

Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.

  • Әрбір жас кезеңдерінің белгілі бір ерекшеліктері болады. Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу уақытын «өзгеру мезгілі» немесе ауысу мерзімі деп атайды. Өзгеру мезгілі әр кезеңде де ауыр, организм көп күш жұмсайтын кез, ол денедегі біртіндеп жиналған өзгерістерге жаңадан бейімделу уақыты. Сондықтан өзгеру мезгілінде адам организмі біршама әлсіреп, сыртқы ортаның жағдайларының өзгерістерін қиналып өткізеді. Бұл кезде жүрек, қан тамырлары мен жүйке жүйелеріне түсетін салмақ ауыр болады. Өзгеру мезгілін басынан өткізу адамның жасы ұлғайған сайын қиын болады. Жас кезеңдерінің уақыттары әр түрлі шектелген. Ол организмнің биологиялық көрсеткіштеріне негізделген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  • Пайдаланылған әдебиеттер:
  • Неменко Б.А. Оспанова Г.К Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы(Оқулық).- Алматы 2002.344б.
  • Кучма В.Р. Гигиена детей и подростков., М., Медицина, 2004.
  • https://kk.wikibooks.org/wiki/


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет