Тері асты парапроктит анустың айналасында тері астында орналасады. Қабынған жер ісінеді, қызарады, қатты ауырады, ауырсыну үлкен дәретке барғанда күшейе түседі. Науқастың дене қызуы көтеріледі. Абсцесс түзілгенде флюктуация симптомы пайда болады.
Ишиоректалды парапроктит – шонданай сүйек пен тік ішек аралығындағы терең жатқан майлы клетчаткалардың іріңді қабынуы. Процесс жоғары, төмен, тік ішекті айналып өтіп, қарама-қарсы ишиоректалды кеңістікке таралады, ағымы өте ауыр, науқастардың дене қызуы көтеріліп, тік ішек айналасы қатты солқылдатып, шыдатпай ауырады. Бастапқыда қабынудың терең орналасуына байланысты жергілікті белгілері көзге көрінбейді. Тік ішекті саусақпен тексергенде, екінші қолмен тік ішектің айналасын пальпацияласа, тіндердің ауырсынуы, инфильтрациясы, іріңдегенде флюктуация анықталады.

Пельвиоректалды парапроктит – сирек кездессе де, ағымы өте ауыр, клиникалық белгілері ишиоректалды парапроктитке ұқсас келеді. Іріңдік жамбас қуысының түбін құрайтын диафрагма үстінде орналасады, сондықтан жергілікті қабыну белгілері жоқтың қасы. Өте сирек жағдайда іріңдік шонданай – тік ішек ойығына өтіп, ары қарай артқы тесік айналасынан теріні жарып, сыртқа шығады. Диагноз қоюда тік ішекті саусақпен, тік ішек айнасымен, ректороманоскоппен зерттеу өте маңызды.