Презентация тақырыбы: Парапроктит. Этиологиясы, клиникасы, емдеу тактикасы. Жоспар



бет3/4
Дата05.12.2023
өлшемі2,71 Mb.
#195100
түріПрезентация
1   2   3   4
Байланысты:
Ізмағанбет Ж.И Парапроктит

Ретроректальді парапроктит


Ретроректалды парапроктит – тік ішектің артқы жағында орналасқан іріңдік, инфекция лимфа жолдары арқылы түседі. Клиникасы пельвио- және ишиоректалды парапроктиттерге өте ұқсас келеді, жалпы интоксикациялық симптомдар басым, жергілікті белгілері айқын емес, науқастар іштің төменгі бөлігінде және үлкен дәретке отырғанда ауырсынуға шағымданады. Саусақпен тексергенде, тік ішектің артқы қабырғасында ауыратын, шектелген, сопақша келген томпаю анықталады. Ауырсыну құймышаққа беріледі. Абсцесс екі жақтағы ишиоректалды кеңістікке жайылған жағдайда, іріңдік пішіні ат тағасына ұқсағандықтан, таға тәріздес парапроктит деп аталады.

Созылмалы парапроктит кезінде іріңді жыланкөздер (свищ) пайда болады. Ол анал тесігі айналасы немесе маңында болады. Ауырсынуы сирек байқалады. Ірің сыртқы бөлінеді. Созылмалы парапроктит дамуы кезінде жыланкөз ауызы білетіп үлкен абсцесс туғызуы мүмкін. Оның әсерінен жаңа тіндер зақымдалып, ірің жарылып, сыртқа бөлініп немесе тік ішекке болінуі мүмкін. Некротизация жүреді.

  • Созылмалы парапроктит кезінде іріңді жыланкөздер (свищ) пайда болады. Ол анал тесігі айналасы немесе маңында болады. Ауырсынуы сирек байқалады. Ірің сыртқы бөлінеді. Созылмалы парапроктит дамуы кезінде жыланкөз ауызы білетіп үлкен абсцесс туғызуы мүмкін. Оның әсерінен жаңа тіндер зақымдалып, ірің жарылып, сыртқа бөлініп немесе тік ішекке болінуі мүмкін. Некротизация жүреді.

Парапроктиттің диагностикасы

  • Негізгі диагностикасы– тік ішек пен анал тесігі айнала ауырсынуына шағым. Диагноз кою үшін саусақпен ректальды зерттеу жүргізеді. Кейде ауырсыну сезімі қатты болуына байланысты наркоз беру арқылы зерттейді Лабораторлық зерттеулер ішінен қан мен зәр анализі керек. Қан анализінде қабыну процессі жүріп жатқанын көреміз, ультрадыбысты зерттеу ректальды датчик арқылы жүргізіледі. Жыланкөз болса фистулография жасалынады.

емі

  • Қабынудың басты кезеңінде консервативті ем жүргізіледі: калий перманганатының ертіндісімен жылы су ваннасына 30 минуттан күніне екі мәрте отыру немесе қыздырғыштармен (грелкалар) қыздыру, УЖЖ, антибиотиктер, сульфаниламидтер, витаминдер, тік ішекті тітіркендірмейтін тағамдар, дезинтоксикациялық терапия жүргізіледі. Іріңді сұыйқтық түзілгенде операция жасалады. Іріңдіктерді радиалды, жарты ай тәріздес тілу арқылы ашып, іріңді сыртқа шығарып, антисептиктермен жуып, қуысты дренаждайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет