Фосфорды алу үшін шикізат ретінде Са3( РО4 )2 пайдаланылады.
Са3( РО4 )2 – нан фосфорды алу көміртегімен тотықсыздану арқылы жүзеге асады:
Са3( РО4 )2 + 5С = Р2 + 5СО + 3СаО
Реакция 1100ºC-тан басталып 1400ºC-та анықталады. Көміртегі мөлшерінің көбеюіне байланысты Са3( РО4 )2 тотықсыздануы өседі. Жоғары температурада 1500-1550ºC-та көміртегінің артық мөлшері әсері онша байқалынбайды, көміртегінің табиғаты көп әсер етеді. Графиттің кристалдары майда болған сайын оның химиялық белсенділігі жоғары болады. Көміртегі материалдарының тотықсыздандыру қабілеттілігіне байланысты мұнайлы кокс, графит, антрацит, металлургиялық кокс, ағашты көмір. Фосфорды алу үшін шихтаға флюс ретінде кремнезем қосады.
Са3( РО4 )2 + 2SiО2 = Р2 + 5СО + Са3Si2О7
Бұдан басқа кремнеземмен бірге алюминий силикатын қолда-нылады.
Са3( РО4 )2 + 3Аl2О3 = Р2 + 5СО + 3( Аl2О3СаО)
Реакцияға кренеземнің қатысуы температураны төмендетуге алып келеді. 1000ºС шамасында болады.