Презентация Тақырыбы: Сары фосфор алу өндірісі Орындаған: Мықтыбай Л. Тобы: хт-17-1к Қабылдаған: Шымкент 2020 ж


Сары фосфор өндірісінде қолданылатын шикізаттарды дайындау технологиялары



бет2/5
Дата07.02.2022
өлшемі78,84 Kb.
#84378
түріПрезентация
1   2   3   4   5

Сары фосфор өндірісінде қолданылатын шикізаттарды дайындау технологиялары

  • Ал дайындау технологиясы, яғни технология бойынша сары фосфор алыну алдында кварцит пен кокс қысқы кездерінде көбінесе кептіру сатысынан өткізу қажет, және ол саты айналмалы барабан пештерде өткізіледі. Температуралық тәртіп бойынша кептіруге берілетін жылулық агенттің температурасы 400-500° аспауы қажет, ал шығардағы температурасы 100° төмен болмауы қажет. Бұл сатыда кокс пен кварциттегі ылғалдылықты жою қажет және оның мазмұны 1% жоғары болмауы қажет. Тастанды газдар айналмалы пештен шыққан, циклондарда тазаланып ауаға тасталынады. Ал фосфорит жоғары температуралы өңдеуден өтеді де бұл температура 900-1150° болуы қажет және бұл температурада шикізаттардың құрғақтылығы ылғал жойылады, кальций және магний карбонаттары жойылады, күкіртті фторлы органикалық көміртекті және ұшпалы заттар бөлініп шығады. Фосфор өндірісіндегі ең зиянды заттарға карбонат пен ылғалдылықты айтуға болады.
  • (Mg)CaCO3 =CaO(MgO)+CO2
  • Яғни бұл жағдайда температуралық кендерді пештерде шикізатты өңдегенде ылғал газ тәрізді фосформен қосылып P4+6H2O =4PH3+3O2 және технология бойынша карбонат электр қуатын өте көп талап етеді. Фосфориттерді термиялық өңдеу іс жүзінде шахталы саңылаулы пештерде күйдіру машиналарда шынжырлы және колошник типті, яғни колошникті ОК – 520/536 φ, в=3,2 м.Шынжырлы ОЦ – 1-85/115 φ, в=4 м. Және шикізатты термиялық өңдеу үшін 12 секциялы шахталы саңылаулы пештер қолданылады да оның ішінде де айтылған 900-1100° температураны сақтайды.
  • Кесекті фосфориттерді температураны қыздырған кезде бірден көтеруге болмайды.Яғни 100-400° дейін және одан жоғары температураға дейін бірден қыздырса кесектің ішіндегі ылғал буға айналып фосфориттің ішінде қысым пайда еткізеді және ол қысым шығу үшін жаңа кесектерді жарып жібереді. Фосфориттерді термиялық өңдеген жағдайда және оны техникалық үлгі бойынша дайындау сатысында 15-20%, ал кейбір жағдайда өңделіп жатқан шикізаттардың минерологиялық құрамына байланысты одан да көп 5 мм төмен майда ұсақтар пайда болады және оларды пайдалану үшін бірнеше кесекті технологиялар бар.
  • Оларға:
  • Ұсақтарды <0.1 мм өлшемдегі белгіге дейін ұнтақтау және оның құрамы 0.074 мм>=70% болуы қажет. Ұнтақты дөңгештеу, яғни ұнтаққа ылғал қосып тарелкалы грануляторда дөңгештеп немесе гранулалар, окатыштар алу. Ылғалды байланыстырғыш ретінде тығыздығы 1.24 -1.30 г/см³ катрельді шаңның сулы ерітіндісі қолданылады немесе өндірістік су, сульфид спиртті ашытқы. Алынған ылғалды дөңгештерді шынжырлы және колошникті машиналардан өткізіледі және бұл машиналарда жүктеу, кептіру, күйдіру және температураны біркелкі сақтау және салқындату аймақтары бар.
  • Майда ұсақтарды агломераттау машиналарда майда ұсақтың құрамына 5-7% кокстың ұсағын қосып 6-8% дейін ылғалдап АКМ-312 типтік агломераттау машиналарда кесектеу.
  • Айналмалы барабан пештерде 1200-1250° майда ұсақтарды балқыту нәтижесінде кесектеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет