ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті Презентация Тақырыбы: Сары фосфор алу өндірісі Орындаған: Мықтыбай Л. Тобы: ХТ-17-1к Қабылдаған: _________________ Шымкент 2020 ж.
Әр өндіріс сапалы дайын өнім алу үшін және технологиялық процесс тиімді өту үшін қолданылатын шикізаттарды дайындау және байыту технологияларын өткізу қажет. Осыған байланысты сары фосфор өндірісінде негізгі шикізат ретінде фосфорит, ал қосымша материал ретінде кварцить және кокс қолданылады. Фосфорит пен кварциттің қазып алу және дайындау технологиялары өлшем белгілі ірілігіне байланысты бірдей деп атап шығуға болады. Яғни олардың өлшем белгілік ірілігі 10-50 мм дейін мемлекеттік стандарт және техникалық шарттар бойынша талаптанады. 10 мм төмен және 50 мм жоғары класты кесектердің ірілігі болуы мүмкін, бірақ олар да шектеледі.