Түркі тілдерінде сөзжасамның дербес болып танылуы
Сөзжасам мәселесін зерттеуде түркі ғалымдары да тыс қалмады. Татар тілінің маманы Ф.А.Ганиев өзінің сөзжасам мәселесіне арнаған докторлық диссертациясында Сөзжасам- татар тіл білімінің бір саласы деген тақырып бөліп, онда осы мәселені жан-жақты дәлелдеген. Түркі тілінде бұл мәселенің түрліше қаралып жүргенінкөрсетіп, бірақ жекелеген ғалымдардың ғана сөзжасамды тіл білімінің жеке саласы деп танитыны көрсетілген. Ф.А.Ганиев сөзжасам заңдылықтарының грамматика, оның ішінде морфология заңдылықтарынан басқа екенін дәлелдеген.
Достарыңызбен бөлісу: |