ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Ж әңгір хан атындағыБатысҚазақстан аграрлық-техникалық университеті
5В072700-«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығының
«Жалпы технология »пәнінен
Презентация
Тақырыбы:Сүт өңдеімдерінің өндірісін технологиясындағы иновациялар
Орындаған: ТПП-31 топ студенті Әбилқайыр.Г.Е
Тексерген:PhD докторы,доцент м.а Тулиева
Орал 2020 ж
1.Тамақтану тарихы ғылымы дамуының аспектілері.
2.Рационалды тамақтанудың,физиологиялық негіздердің ұйымдастыруы.
3. Тағам азық түліктерінің анализ методикасы
Тамақтану- ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі.
Тамақтану, организмнің сыртқы ортамен жан–жақты байланысының көптеген түрлерінің бірі ретінде, зат алмасудың жалпы тізбегінде жетекші орын алады. Қоршаған ортадағы қолайсыз факторлардың 80% – і адамға тағам арқылы әсер ететіндігі анықталған.
Дүние жүзіндегі адамдар өлімінің 60%
өнеркәсіп саласында өндіретін майлы, тәтті,
тұзды азық-түліктерді пайдалану әдетінен
жалпы әлемдік тағам рационындағы
өзгерістерге тікелей байланысты.
Харлем Брутланд
ДДҰ Бас директоры
2000 жылы мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында ДДҰ бас директоры Харлем Брутланд жасаған баяндама елді елең еткізген сенсация болды. Онда, әлемдегі адамдар өлімі себептерінің арасында 60% тамақтану мәселесімен тікелей байланысты екендігі айтылған. Тамақтануға байланысты кемшіліктердің зардабы көптеген елдердің экономикасы мен денсаулық сақтау ісіне өз ауыртпалығын түсіріп отыр, ал әлемдік экономиканың жаһандануына байланысты, сол тағам мәселесі жалпы дүние жүзіндегі экономика дамуына да әсер етуде.
Рационалды тамақтану принциптері тағамның сапалы құрамы туралы білімдерді қамтиды. Адамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін барлық тағамдық заттар тамақпен белгілі бір қатынаста түсуі қажет. Орта есеппен ақыл-ой еңбегімен айналысатын қарапайым сау адам үшін мынадай арақатынас ұсынылады: ақуыздардың бір бөлігі, майлардың бір бөлігі және көмірсулардың төрт бөлігі. Сондай-ақ, тағаммен адам витаминдер мен минералды заттардың жеткілікті мөлшерін тұтынуы маңызды.
Тамақ адамның өсуі мен дұрыс дамуын қамтамасыз етуге, оның денсаулығын жақсартуға және аурудың алдын алуға ықпал етуге тиіс. Ол энергия шығындары, жыныс пен жасқа сәйкес қоректік заттардың құрамы бойынша теңдестірілуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана рационалды тамақтану туралы айтуға болады. Әрбір адам оған ұмтылуы керек, сонда ғана ол өз денсаулығымен ләззаттанады.
Достарыңызбен бөлісу: |