Жер қойнауын пайдаланушы жұмыстарды жүргізудің халықаралық тәжірибеде қабылданған стандарттарға негізделген неғұрлым тиімді әдістері мен технологияларын таңдауға міндетті. Сонымен бірге жер қойнауын ұтымды пайдаланылуын, қызметкерлердің, халықтың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жұмыстарды жүргізуге арналған технологиялық схемалар мен жобаларды сақтауға міндетті болып табылады.
Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде экологиялық талаптар қойылады. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар шаруашылық қызметтің экологиялық жағынан қауіпті түрлері болып табылады және экологиялық талаптар сақталған кезде орындалуға тиіс.
Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерін азайтуға бағытталған іс-шаралар жүйесі
Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заңының 108-бабында жалпы экологиялық талаптар көрсетілген. Онда жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында болжауды, жоспарлауды, жобалауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында белгiленген экологиялық талаптар басымдық ретiмен сақталуға тиiс делінген. Сонымен қатар жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарға, жобалау құжаттамаларына мемлекеттiк экологиялық және санитариялықэпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары мен экологиялық рұқсат жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн экологиялық негiз болып табылады. Жер қойнауын пайдаланушы жоспарланған қызметтiң қоршаған ортаға тигiзетiн әсерiне баға берудi және «Қоршаған ортаны қорғау» деген бөлiмдi қамтуға тиiс барлық жобалау алдындағы және жобалау құжаттарын мемлекеттiк экологиялық және санитариялықэпидемиологиялық сараптамаларға ұсынуға мiндеттi.